«Ауыл» партиясының өкілдері еліміздің шалғай орналасқан елді мекендерін аралап жүр. Бұл жолы кандидаттар шекараға жақын орналасқан шеткі аудандарға басымдық беріп отыр.«Ауыл» партиясының мүшелері Алатау бөктерінде Тұйық, Ақтөбеде Ойыл мен Оймауыт, Шығыс Қазақстан облысында Аршаты және Батыс Қазақстан облысында Сайқын мен Жәнібек ауылдарына барды. Бүгін кандидаттар Батыс Қазақстан облысында саяси ұйым өкілдері жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігімен танысып, саяси науқан туралы әңгімелесті. Су, жол және интернет бойынша түйткілдер кезең-кезеңімен реттеліп жатыр дейді тұрғындар. Жалпы саяси науқан басталғалы «ауылдықтар» өңірде 50-ге жуық елді мекенге барып, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Негізгі жұмыс тобы ертең Ақтөбе облысына бағыт алады. Онан соң, партия мүшелері Қызылорда, Түркістан, Павлодар облысы мен Алматы, Шымкент және Жаркент қаласына барады.