«Ауыл» партиясының өкілдері сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын Ақтөбе облысында жалғастырды. Кандидаттар елдімекендерді аралап, жергілікті халықпен кездесті.Партия өкілдері жұртшылыққа саяси ұйымның негізгі тұғырнамасын түсіндірді. Шалғай ауылдардың тыныс-тіршілігімен танысты. Одан кейін Қобыланды батыр мәңгі тыныстап жатқан Қобда ауданына ат басын тіреді. Ары қарай Әлия ауылына соғып, мәдениет үйінде жиналыс өткізді. Ақтөбе қаласының іргесінде орналасқан ауыл шаруашылығы кооперативінің жұмысын көріп, диірмен комбинатының жұмысшыларымен жүздесті. Ертең делегация Батыс Қазақстан облысына бағыт алады. Бағдаш ТУПЕНОВА, Ә. МОЛДАҒҰЛОВА АТЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚТЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Бұл – еліміз үшін үлкен науқан. Науқанға Әлия ауылының тұрғындары да үлкен дайындық жүргізіп жатыр. Өзім де сол күні дауыс беріп, өз таңдауымды жасауға дайынмын.