«Ауыл» халықтық демократиялық патриоттық партиясы бүгін мемлекеттік саясатты нығайтып, ел бірлігін арттырған қасиетті жер- Мәртөбеге барды.«Ауыл» партиясының сайлауалды қорытынды іс-шарасы қазақы қаймағы бұзылмаған, еңкейген қарты мен еңбектеген баласына дейін диқаншылықпен айналысатын шырайлы Шымкентте, қазақ заңдарының бастауы «Жеті Жарғыға» мөр басылған Мәртөбеде өтті. Кандидаттар саяси ұйымның тұғырнамасын түсіндірді. Шараға ақсақалдар мен ақжаулықты аналар қатысып, қариялар бата берді. Делегация мүшелері Сайрам ауданындағы басқа да тарихи жерлерді аралап, тәу етті. Бір ай ішінде партияның ұйытқы болуымен 5 мыңнан астам кездесу өткен. Оған 800 мыңға жуық тұрғын қатысты. Әли БЕКТАЕВ, «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Қазақстан халқы қазір әділетті, ашық мемлекетті құруға бет алған. Сондықтан алдағы сайлау біздің еліміздің болашағы үшін өте үлкен маңызды шара болады деп есептейміз. Сайлаудан кейінгі өмірде де Қазақстан болашағы өте зор болады деп ойлаймын.