Ауыл шаруашылығы кооперативтері 27,6 млн теңгеге дейін несие ала алады

Ауыл шаруашылығы кооперативтері 27,6 млн теңгеге дейін несие ала алады. Бұл туралы «AMANAT» партиясы жанындағы Аграрлық сектор мәселелері жөніндегі Республикалық кеңестің кезекті отырысында айтылды. Ауыл тұрғындары жылдық 2 жарым процент жеңілдікпен қарыз алу, кооператив құру және техниканы лизингке ресімдеу кезінде көмек ала алады. Биыл «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыру үшін 100 млрд теңге бөлініп, оған 17 мыңға жуық шағын несие беру жоспарланған. «AMANAT» партиясының Хатшысы мал өсіретін шаруашылықтарға несие бермес бұрын төрт түліктің азығы мен жайылымның жеткілікті болуын шешу қажет дейді. Сондай-ақ, ауылдағы кәсіпкерлікті қолдау мәселесі сөз болды.Эльдар ЖҰМАҒАЗИЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ: Леңгер дейтін аудан орталығы бар Түркістан облысында. Сонда біз барғанда бір ауданның басында 2 мыңның үстінде ИП бар екен. Енді қандай мәселе? Дүкенге өткізе алмайды тауарларын. Дүкенге өткізу үшін құжат керек. Сертификат алу керек. Көрдіңіз бе? Енді дүкен алмағанмен ол Леңгердің жұртының бәрі Леңгердегі базарда сатып отыр тауарларын ол жерде уланып жатқан ешкім жоқ. Сондықтан олар бізге ұсыныс айтқан. «Ауылда жасалған» дейтін оңай сертификат алуға болатын лицензия берсеңіздер бізге.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Атырауда дәмхана маңында төбелес шыққан: зардап шеккендер бар
Қазақта алдағы жеті күнді қалай атайтынын білесіз бе (ВИДЕО)
Қазақстандық теннисші Түркияда чемпион атанды
Сарбаз әскери ант рәсімінде сүйіктісіне сезімін білдірді
Спорттық протеин құрамындағы ауыр металдар денсаулыққа қауіпті
Қазақстан армиясы Орталық Азияда үздік деп танылды
Тұман түсіп, көктайғақ болады
Лос-Анджелестегі өрт: зардап шеккендер саны артты
Доллардың бүгінгі бағамы қандай?
Бүгін ауа райы қандай болады?
"Бұлттан биік болсам да, халқымнан аласамын": Бүгін Дінмұхамед Қонаевтың туған күні
Жетісу облысының өрт сөндірушілері жеңіл көліктегі өртті сөндірді
Желтоқсан айында жоғалған ер адам Қостанай облысында өлі табылды
Қостанайда бірнеше апта бұрын жоғалып кеткен ер адамның мәйіті табылды
ШҚО-да қар көшкіні жүреді
Жалға үй іздеу кезінде қалай алаяқтарға алданып қалмауға болады?
ШҚО-да ауа райына байланысты бірқатар тасжол жабылды
Жайық өзенінде қауіпсіздік шарасы күшейтілді
Жеті жасар қыз ата-анасының атына несие рәсімдеген
78 қазақстандық өсімдік шаруашылығы кәсіпорны ҚХР БКБ-ның аккредитациясынан өтті
12 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Грузия, Қытай, Корея: Қазақстанға көлік жеткізудің артында тұрған шындық
Қостанайда бірнеше апта бұрын жоғалып кеткен ер адам өлі күйінде табылды
Құны 100 мың теңгеден асады: блогер бренд аяқ киімнің былығын көрсетті (ВИДЕО)