Ауыл шаруашылығы саласына 100 млрд теңге бөлінді

Пайдаланылмай жатқан 8 млн гектар жер мемлекетке қайтарылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы негізінде жүзеге асырылды. Бұдан бөлек, биыл жеңілдетілген лизингпен шаруалар мыңнан аса комбайн мен трактор алды. Оның жалпы құны 40 млрд теңгеден асады. «Ауыл аманаты» жобасы да ауыл тұрғындарының әл-ауқатын көтеруге көмектесті. Бір жылдың ішінде агроөнеркәсіп саласында тағы не өзгерді? Аружан Задабек айтады.Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ: Ел дамуы үшін агроөнеркәсіптің алар орны ерекше. Сол үшін биыл осы салаға республикалық бюджеттен 17 мың шағын несие беру үшін 100 млрд теңге бөлінді. Бұл ауылдық жерлерде 18 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Тірлікті тірілту үшін қосымша 20 млрд тенге берілді. Бұған мал азығын жинайтын 2 мың 800 техника алынған. Мұның бәрі Президенттің сайлауалды бағдарламасында айтылған. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Ауыл шаруашылығы экономиканың жаңа қозғаушы күшіне айналады. Алдағы жылдарда ауыл-аймақты өркендетуге басымдық береміз. Біз ауылдық жерді жұмыспен жаппай қамту үшін жағдай жасаймыз, ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік бастамаларын қолдаймыз. Тұрғындарға жер қолжетімді болады. Ол үшін ірі жер иелерінен пайдаланылмайтын жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарын жандандырамыз. Қазір шалғайдағы елдімекендер «Ауыл аманаты» жобасының игілігін көріп отыр. Оған республикалық бюджеттен 1 трлн теңге бөлінген. Қаржының төрттен бір бөлігі жамбылға тиесілі. Кеңес ауылының 206 тұрғыны осы бағдарламаны пайдаланып, 2,5 процентпен жеңілдетілген несие алуға өтініш берген. Доскен КҮСЕМІСОВ, КЕҢЕС АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Бағдарлама тиімді болып тұр. Пайызы төмен. Каникулы бар екен. «Ауыл аманаты» жобасы Жамбыл облысында пилоттық жоба ретінде 2019 жылы басталған. Содан бері 57 ауылдық округтегі 6 мың тұрғын өз кәсібін ашты. Еркін ЖЫЛЫСБЕК, "ТАРАЗ" ӘЛЕУМЕТТІК-КӘСІПКЕРЛІК КОРПОРАЦИЯСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: 11 миллиардқа биыл бізде 2 мыңнан астам кәсіпкерлік орындары ашылды. Қалған 12 миллиадқа келген ақшадан да тура сол 2 мыңнан аса кәсіпкерлік орындар ашылады деп күтудеміз. Қазір депутаттар жайылымдық жерлер туралы заңды қайта қарауда. Сол арқылы жер тапшылығын шешуге ниетті. Енді орманға мал жаюға рұқсат берілуі мүмкін. Сонда 12 млн гектар жерді үнемдейміз. Бұдан бөлек, кәсіпкерлер үшін агробанк ұйымы жұмыс істемек. Серік ЕГІЗБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «АУЫЛ» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Бірнеше финанстық ұйымдар бар. Біздің ауылшаруашылықпен айналысатын қызметкерлерімізді қаржыландыратын. Оның үстіне ол қаржы жетіспей жатыр. Олар бірнеше ұйымға жүгіріп жүреді. Құлаш-құлаш қағаздарын алып жүреді. Көпшілігінде сол ақшаларын да ала алмай қалады. Қазір әлем жұртын су мәселесі алаңдатып тұр. Бұл түйіткілді тарқату үшін елімізде Су кодексі жобасы әзірленді. Енді 2025 жылға дейін Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарында сыйымдылығы 1 700 млн м3 болатын 9 су қоймасы салынады. Осыдан кейін Ақтөбе, Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Қарағанды өңірінде 11 су қоймасын салу жоспарланған. Оның жалпы ауданы - 705 млн м3. Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ: Бұл – бір жылда жеткен жетістік. Енді республикадағы суармалы ауыл шаруашылығы алқаптарының жалпы ауданын 1,8 млн гектардан 2,5 млн гектарға дейін ұлғайту көзделіп отыр. Тағы 15 су қоймасы мен 3,5 мың шақырым суару желісі күрделі жөндеуден өтеді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қысқы универсиада: Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті
Ақтауда құстар мен итбалықтардың өлекселері табылды
226 медицина қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылды – ІІМ
Өткен жылы мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 1,1 млн астам қызмет алды
2025 жылы елімізде 19 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған
Былтыр еліміз тұрғын үй құрылысы саласында рекордты көрсеткішке қол жеткізді
Алматылық 75 жетекші мен әдіскер мектепке дейінгі білім берудің халықаралық тәжірибесін меңгерді
15 қаңтарға арналған ауа райы болжамы: жел күшейіп, тұман түсіп, қар жауады
Президент Оңтүстік Корея екінші әрекетте тұтқындалды
БҚО-да улы зат тиеген жүк көлігі аударылып қалды
«Текті ұрпақ»: Ерекше баланы тамақтандырған даяшыға көпшілік риза болды (ВИДЕО)
Сыбайлас жемқорлардың аты-жөні енді жария тізілімде болады
«Ауданы – 250 шаршы метр»: Ләйлә Сұлтанқызы Жанболат пен Жазираның үйіне рум-тур жасады (ВИДЕО)
Ақпанда қазақстандықтар қалай демалады
Несібеңді адал жолмен тапқанға не жетсін?! – 22 жылдан бері көлік жөндейтін келіншек
Қытай TikTok-ты Илон Маскқа сатуы мүмкін
Партия мәжіліс депутаты Гаухар Танашеваның отставкасын түсіндірді
Жамбыл облысында 8-сынып оқушысын ұрып өлтірген үш жасөспірім сотталды
Енді пара ұсынғандар да, оны уәде еткендер де жазалануы мүмкін
Алматыда қандай көне ғимараттар бар?
Алматы облысындағы жаппай жол апаты: зардап шеккен адам бар
«Алтын қор»: тарихи фотосуреттегі кімдер екенін білесіз бе?
Биыл елімізде 19 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр
Асылбек Нұралин Мәжіліс депутаты болды