Ауыл шаруашылығында санақ жүргізіледі –Үкімет отырысы

Премьер-Министр Әлихан Смайылов елде ауыл шаруашылығы санағын жүргізуді, оған дайындықты биыл бастау керегін айтты.«Ауыл шаруашылығы көрсеткіштерін қалыптастыру әдістемесі бойынша да шешілмеген сұрақтар бар. Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ақпараты бойынша ресми дереккөздердегі мәліметтерде орта есеппен 20% алшақтық бар. Дәл осы мәселені шешу үшін ауыл шаруашылығында санақ жүргізілуі керек», - деді Премьер-Министр Үкіметтің бүгінгі отырысында. Оның айтуынша, Қазақстанда жүн мен былғары өңдеу саласын дамытуда айтарлықтай әлеует бар. Бірақ жоғары қайта өңделген өнім шығарудың орнына шикізат төмен бағамен экспортталып жатыр. «Бұл – күрделі проблема. Оларды шешу үшін жүйелі тәсілдер керек. Жергілікті атқарушы органдар ауыспалы егістегі, ең алдымен, суармалы жерлердегі жем-шөп дақылдарының үлесін кеңейтуі қажет. Жайылым жерлердің өнімділігін арттыру керек. Ауыл шаруашылығы министрлігі озық халықаралық тәжірибені, оның ішінде цифрландыруды ескере отырып, ветеринария жүйесін реформалаудың жол картасын әзірлеуі керек», – деді Ә. Смайылов. Сонымен бірге Ауыл шаруашылығы министрлігіне Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттікпен бірге ауыл шаруашылығында санақ жүргізу, оның ішінде ақпараттық жүйелерді жаңғырту жөніндегі жол картасын әзірлеу тапсырылды. «Санаққа дайындық жұмыстарын биыл бастау керек», – деді Премьер-Министр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Құрмамен бірге жеуге болмайтын өнімдер аталды
Алматыға жақын маңда жер сілкінді
Қан тамырлар саулығы: рационға қосу керек топ-8 өнім
2025 жыл қандай болмақ?
Алматыда «баррамунди» экзотикалық балық түрі өсіріледі
Құрмамен бірге жеуге болмайтын өнімдер аталды
“Қанды желтоқсанның сызы әлі байқалады”: желтоқсан оқиғасына қатысқандар не дейді?
Өскеменде бір ай бұрын жоғалған 19 жастағы қыздың денесі табылды
Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Астанада Бибігүл Төлегенованың 95 жасқа толуына орай салтанатты концерт өтті
Есте сақтау қабілетін жақсартатын ең оңай тәсіл белгілі болды
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Алматы облысына барды
«Көзімнің тірісінде күйеуге шыққанын көргім келеді»: Мақпал Жүнісова арманын айтты
Алматыға жақын маңда жер сілкінді
ММА-дан әлем чемпионаты: Ақтөбелік полицей финалда техникалық нокаутпен жеңіске жетті
Алматыдан 88 шақырым аумақта жер сілкінді
Алматы маңында жер сілкінді
Алматыдан 88 шақырым жерде жер сілкінді
Ер адамдар неге көзге шөп салады? Психолог жауабы
Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден Олимпиадаға іріктеу кезеңін жеңіспен аяқтады
Ақмола облысында тұрғын үй өртенді
Көктөбеде мерекелік рух асқақтап тұр
Бақыт Сәрсекбаев: "Олимпиаданы жеңгенде өзбектер қатты өкінді"