Ауыл тұрғындары арнамызға жүгінді

Көп күттірген көгілдір отын. Ауыз су мәселесі. Нашар телефон байланысы.Өзге де өзекті түйткілдер ауыл тұрғындарын титықтатқан. Амалы таусылған ағайын «Астана» арнасына жүгініп, ауылдың ахуалын жеткізді. Қостанай шаһарынан 25 шақырым жердегі елдімекен жұртының талап-тілегін тілшіміз Заңғар Санай тыңдады.Заңғар САНАЙ, ТІЛШІ: Рыбное деген аты бөлек ауыл облыс орталығынан небәрі 25 шақырым жерде. Елдімекенде елуге тарта түтін бар. Мұндағы тұрғындарды бірнеше проблема толғандырады. Мәдина ӘЛІМБАЕВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Газсыз қиын ғой.Көмір сатып аламыз.Отын сатып аламыз. Газопроводты 2025 жылы өткізеді деп уәде беріп жатыр.Соны күтіп отырмыз. Көрші ауыл көгілдір отын игілігін көріп отыр дейді көпшілік. Газ құбыры небәрі бір жарым шақырым жерде жатқан көрінеді. Шағын елдімекен тұрғындары телефон байланысының нашар екеніне де шағымданады. Интернет түгілі, шеттегі туған-туыспен тілдесе алмай қаламыз дейді жуықта ғана Германиядан кері көшіп келген Любовь Гольцова. Любовь ГОЛЬЦОВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Телефонмен аула кезіп кетеміз. Жөнді байланыс ұстайтын жерді іздеп әлекке түсеміз. Көрші ауылда байланыс мұнарасы тұр. Бізге неге қоймайтынын түсінбеймін. Сәрсен КӨПЖАСАРОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Ауылда бір-екі құдық ғана бар. Ішетін су.Оның өзінде амалсыздан ішіп отырмыз. Алты ай сайын қайта-қайта тазарту керек. Өзіміз насос қойып қойдық. Тұсында екі жүзге тарта ірі қара, үш жүз ұсақ мал ұстаған ауыл тұрғындары қазір төрт түлік санын азайтқан.Тіпті кейбіреуінің қорасында тұяқ қалмаған. Жайылым жер болмаған соң малдан күдер үзгенін айтады. Марат МҰХАМЕДЖАНОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Баяғыда көп мал ұстағам. Отыз қой. Он шақты қара мал. Жылқы ұстадым. Қазір бағатын, шабатын жер жоқ. Сол үшін малдан айырылдық. Индира МОЛДАҒҰЛОВА, АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ӘКІМІ: Біртіндеп бұл жерге де газ тартылады деген үмітіміз бар. Газ тартылса әрине бәрі жақсарады. Су да болады. Биылғы жылы осы 2023 жылы Рыбное ауылын ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарда бар. Телефон байланысының түйткіліне қатысты операторларға өтінім берілген. Жайылым жер мәселесі де шешімін табады. Шаруалармен меморандум жасасып, жайылымның аумағын кеңейтеміз деп сендірді ауыл әкімі. З. Санай

Читать источник astanatv.kz/kz/
Желіде Шерзат Болаттың ағасының соңғы видеосы тарады (ВИДЕО)
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды
Астанада ата-аналар үшін ашық есік күні өтеді
Қазақстандық поездарда интернет 2025 жылы басталады
Күн күрт суытады
Шырша бар, бірақ оны орнатуға қаражат жоқ – қызықты деректер
Қалай eGov Mobile қосымшасы арқылы газға қосылу үшін өтініш беруге болады?
«Ауылымнан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келеді» – Алматыда AUYL SPORT-2024 республикалық турнирі өз мәресіне жетті
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Ешкім сатып алған жоқ – экс-әкімнен тәркіленген мейрамхананың тағдыры не болмақ?
Қарағанды облысында автобус өртеніп кетті
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы көз жұмды
Ақтаудағы кәсіпорында жұмысшы қаза тапты
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы қаза тапты
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Қарағандыда автобус өртенді
Қуаныш Сүлейменов Абай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Қазақстандық ауыр атлет рекорд орнатып Азия чемпионы атанды
ТЖМ құтқарушысы Alash Pride лигасының чемпионы атанды
Астана тұрғыны танысынан кек аламын деп басы дауға қалды
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
МАЭК-те жұмысшы қаза тапты
Алматыда ескі жылу құбыры жарылды