Жамбыл облысында ауыл тұрғынын мылтықпен атып кетті. Оқиға Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылында болған. 34 жастағы азамат алған жарақатынан көз жұмды. Қазір күдіктілер іздестіріліп жатыр. АЛМАЗ САЛАМАТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Аталған дерекке қатысты полиция қызметкерлерімен ҚР ҚК 99 бабы, яғни «адам өлтіру» қылмыстық ісі тіркелді. Қазіргі уақытта қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау іс-шаралары жүргізілуде.