Ауылдағы су құбырлары бірнеше жылдан кейін істен шығуы мүмкін - сенатор

Ауылдағы су құбырлары бірнеше жылдан кейін істен шығуы мүмкін. Бұл туралы сенатор Ернұр Айткенов мәлімдеді. Оның айтуынша, ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету бағдарламасы мәнін жойып, ақша жоғалады, ал адамдар тазартылмаған су ішуге мәжбүр болады. Ауылды сумен жабдықтау жүйесі мен су құбырларының құрылысына қарамастан, проблемалық мәселелердің бірі – оларға қызмет көрсету бойынша мамандандырылған кәсіпорындардың жоқтығы. Сондай-ақ іс жүзінде салынған су құбырлары әкімдіктердің есебінде қалуы мен білікті мамандар мен мамандандырылған техникасы жоқ салаға қатысты емес кәсіпорындарға берілетіні туралы атап өтті."603 ауылда сумен жабдықтау желісіне тән емес саладағы кәсіпорындар қызмет көрсетеді немесе су құбырлары әкімдіктердің қарамағында болады. Дұрыс емес және сапасыз техникалық қызмет көрсетудің салдарынан мембраналық суды тазарту жабдықтары үнемі істен шығады және сынып қалады. Бұл – суды тазарту жүйесінің толық құруына алып келеді. Мұндай қызмет көрсетуден кейін осы су құбырлары бірнеше жылда толығымен істен шығатын болады. Нәтижесінде тазартылған судың орнына халық қайтадан тазартылмаған су ішеді. Яғни, халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету бағдарламасы өз мәнін жоғалтады және бөлінген бюджет қаржысы бостан бос жойылып кетеді", - деді депутат Үкімет басшысының атына жолдаған депутаттық сауалында. Белгілі болғандай, елдегі ауыз сумен жабдықтау мәселелеріне екі түрлі министрлік жауап береді. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі – елді мекендердің ішінде, ал одан тыс жерлерде – Экология министрлігіне тиесілі. Депутаттың ұсынысы – бұл функцияларды бір мемлекеттік органда шоғырландыру болып отыр. "Басқаруды ұтымды ету үшін сумен жабдықтау және су әкету жөніндегі функцияларды бір мемлекеттік органда шоғырландыру мәселесін шешу, сондай-ақ республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын желілер мен жергілікті су құбырларына қызмет көрсету жөніндегі республикалық деңгейде бірыңғай оператор құру мүмкіндігін қарастыру ұсынылады. Өйткені таза су – ең алдымен халықтың денсаулығы", - деді Ернұр Айткенов.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Екібастұзда көлік жөндейтін орталық өртеніп кетті
Қазақстандық ауыр атлет Азия чемпионы атанды
Australian Open турниріне қатысатын қазақстандықтар анықталды
Үкімет жанынан құрылған комиссия Ақтаудағы ұшақ апаты болған жерде жұмысын бастады
Ақтауда такси 10 теңге
Алматыда мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толу құрметіне ғылыми - практикалық конференция өтті
Қазақстан Президенті ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
Қазақстанның атынан үш теннисші Australian Open 2025 турниріне қатысады
Әзірбайжандықтар ұшақ апатын тексеру үшін Қазақстанға келді
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты
Ақтау маңындағы әуе апатында зардап шеккендердің жағдайы туралы жаңа мәліметтер
Әке дұғасы – тіреу, ана тілеуі – демеу
Қазақстанда 42 жаңа су қоймасы салынады
Құрылыс ережелері мен Қала құрылысы регламенті қабылданды
2024 жылы ауылдарда 263 медициналық нысан пайдалануға берілді
Төтенше жағдайлар министрі Ақтауға барды
Ұшақ апаты: Төтенше жағдайлар министрі Ақтауда жүр
ХӘОТ санатындағы алматылықтарға тұрғын үйді ұстауға жұмсалатын шығындардың артуы өтеледі
Астаналықтар Қазақстандағы Әзербайжан елшілігіне гүл шоқтарын қойып жатыр
Алексей Чуркин Азия чемпионы атанды
Ақтауға ТЖ министрі Шыңғыс Әрінов барды
Еңбек министрлігінің шенеунігі пара алғаны үшін сотты болып жатыр
Талдықорғанда биыл тұрғын үй кезегі 8,3 пайызға қысқарды
Спорт министрлігінің шенеуніктері ₸584 млн жымқырған