Ауылдарда халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылады

Еліміздің ауылдарында орналасқан «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде Халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылады. Бұл туралы «Digital Almaty 2023: жаңа болмыстағы цифрлық әріптестік» атты халықаралық форумда «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова айтты.«Ауылдарда бүгінгі таңда «Қазпоштаның» 2700 бөлімшесі бар. Біз бұл бөлімшелерді комьюнити орталықатыр етіп, онда Халыққа қызмет көрсету орталықтарын ашып жатырмыз. Онда біздің мамандар ауыл тұрғындарына 20-дан астам мемлекеттік сервис бойынша көмек көрсетеді. Сондай-ақ, елімізде цифрландыру мәселесі интернерттің жұмыс істеуіне байланысты. Қазіргі таңда әр ауылда интернет бар, алайда, оның жылдамдығы аз. Сондықтан біз Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, ауылдарда интернет жылдамдығын көтеру, яғни, бір адамға 1м/бит емес, 100 м/бит-ке дейін жеткізуді мақсат етіп отырмыз», - деді «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова. Ол сондай-ақ «Қазпошта» тарапынан әйелдерге әлеуметтік жағынан қолдау көрсету жұмыстары жүріп жатқанын айтты. «Біз ауылдағы әйелдердің кәсіби тұрғыда өсуіне, әлеуметтік жағынан қорғалуына, көшбасшылық қасиеттерін дамытуға ынталымыз. Осыған орай, ауылдардағы «Қазпошта» бөлімшелерінде біз әйелдер үшін телемедицина арқылы дәрігерлердің сервисін қосу, онлайн курстарды ашу жұмыстарын жасап жатырмыз, электрондық даярлау орталықтарын ашып жатырмыз», - деді Әсел Жанасова.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Мұғалімдер шырша безендірген». Семейде шенеунік қызметінен кетті
Апаттар медицинасы орталығы: Биыл 3 мыңнан астам адам құтқарылды
«Заңды өрескел бұзу»: Асхат Аймағамбетов Семейдегі мұғалім оқиғасына қатысты пікір білдірді
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шығады
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
«Орда» деп барып опық жеді
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды
Картоп көш бастап тұр...
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті
35 градус аяз күтіледі