Ауылдықтардың арызына депутаттар құлақ асты

Алыстағы ағайынның арызы аяқсыз қалмады. Батыс Қазақстан облысының Бөкей Ордасы ауданындағы екі жүз жылдық тарихы бар мектепті күрделі жөндеу ісіне депутаттар араласты. Өйткені жұмыс уақытылы аяқталмаған соң, балалар мәдениет үйі мен қонақүйлерде сабақ оқып жүр. Халық қалаулылары енді бұл мәселені өз бақылауына алды.Былтыр өңірде күрделі жөндеу жұргізіліп жатқан 12 мектепте қоңырау соғылмады. Соның бірі – қазақ даласындағы тұңғыш мектеп - Бөкей ордасы ауданындағы Жәңгір хан атындағы білім ордасы. Кірпіші үгітіліп, іргетасы мүжілген ғимарат әлі жөнделіп жатыр. Сол кезде шенеуніктер жұмыс жоспарға сай деп сендірген еді. Клара МЕҢДІҒАЛИЕВА, БҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Былтыр конкурстық процедуралар басталып, мердігерді анықтау бойынша жергілікті бюджеттен 20 миллион теңге бөлінді. Мердігерді анықтадық. Жұмыстар өте баяу жүргендіктен, осы жылға ауысты. Бөкей Ордасындағы Жәңгір хан мектебі талон бойынша 1-ноябрьде біту керек жұмыстары. Мектепсіз қалған балалар аудандық мәдениет үйінің сахнасында сабақ оқуға мәжбүр болды. Тұрғындар бұл мәселені шешу үшін депутаттардан көмек сұрады. Райса ТӨЛЕНҒАЛИЕВА, БӨКЕЙ ОРДАСЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Ауылымыздағы 200 жылға жуық тарихы бар Жәңгір мектебін күрделі жөндеу жұмыстары 2-3 жылға жалғасуда. Бірнеше мердігер ауысып, мердігерлермен сот процестері әлі жүруде. 500-ге жуық мектептің оқушысын мектепсіз тентіретіп қою кімнің жауапкершілігінде? Депутаттар мектеп құрылысы мәселесін көтеріп, оны бақылауға алды. Нартай АРАЛБАЙҰЛЫ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «АМАNАТ» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Балаларды сол Ордадағы қонақүйге жатқызады. Қонақүйде біз еліміздің болашағын тәрбиелеп, соларға білім беруге тырысқан. Міне, сорақылық! Осы нәрсені айттық, мәселе көтерілді. Мектепке аяқтай барамын. Білім басқармасының өкілдерін қасыма ертіп аламын. Тағы да толықтай қарайтын боламыз. Өйткені депутат айтты екен деп, ескерту айтты екен деп, министр тапсырма берді екен деп асығыс жасауға болмайды. Жергілікті шенеуніктердің айтуынша, мектепті күрделі жөндеуге 376 млн теңге қарастырылғанымен, ақша түгел бөлінбеген. Бір қызығы қаржы бөлінген соң да, мердігер жұмысын аяқтамаған. Сөйтіп құрылысшылармен соттасып жүргенде даулы мектепті жөндеу ісі бітуге жақындапты. Бисенбек НАСИМУЛЛИН, БӨКЕЙ ОРДАСЫ АУДАНЫ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Үш этажға көтерілетін баспаны кафельдеу жұмыстары қалып отыр. Сосын 1-қабаттың қабырғаларын сырлау жұмыстары қалып отыр. 2 мен 3 этаж толықтай дайын тұр. Тек тазалық жұмыстары ғана қалып отыр ол жерде. Осы 1-шілдеге дейін негізгі жұмыстарын аяқтағаннан кейін өзіміздің әлі де ескертпелеріміз бар түзеу керек жұмыстар. Соның ар жағында шілде айында түзеттіргізіп аяқтатамыз жұмысты. Басшылар мектеп жаңа оқу жылына дайын болады деп сендірді. Дегенмен депутаттар осы ауылға арнайы бармақ. Өйткені өңірде апатты күйдегі мектеп аз емес.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Гүлмира Қобыландина, пластикалық хирург: Табиғилықтан ауытқығанда, сұлулық сөнеді
Жетісу облысында екі адам қар құрсауынан құтқарылды
«Бывшыйым» артымнан қалмайды»: Коуч қыздарға абьюзер жігіттерден қалай құтылуды үйретті
Қазақстан полициясы қызметін күшейтілген нұсқаға ауыстырды
Елімідегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Ақтауда жүргізуші екі баланың өлімі үшін бас бостандығынан айырылды: 14 желтоқсан 2024, 11:28 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Шорт-тректен Қазақстан құрамасы World Tour турнирінің жартылай финалына шықты
Балаға гаджеттерді қанша жастан бастап беруге болады?
Алматыда әлеуметтік желіде елімізді танытып, ұлтық мұраны ұлықтағандар марапатталды
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады
10 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті ұсталды
14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Тоқаев Қазақстанның 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы Заңға қол қойды
Тоқаев 2024-2026 жылдарға арналған бюджетке түзету енгізді
Президент 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгеріс енгізетін заңға қол қойды
Щучинскте монша өртеніп кетті
Ресейде Путин мен Назарбаев кездесті
Ақтауда жүргізуші екі баланың өлімі үшін бас бостандығынан айырылды
Түркістанда креативті хаб ашылды
Полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшті
Елде полиция күшейтілген режимге көшті
Алматыда Бизнес хаб пен студенттік емханаашылды
Сырым Исабаев өнерден не себепті алыстап кеткенін айтты