Ауыр дертке шалдыққан оралдық жас журналист көмекке зәру

Армандаған мамандығы - журналистика саласында еңбек етіп жатқан 21 жастағы Қаламқас Бисенғалиева қатты науқастанып қалды. Дәрігерлер әріптесімізге "Аналық бездің қатерлі ісігі" деген диагноз қойыпты. Егер шұғыл операция жасамаса, кесел денесінің басқа мүшелеріне жайылуы мүмкін. Гүлдей жайнаған қызының көз алдында солып бара жатқанын көру ата-анасына да ауыр. Қиналған Қаламқасқа үндістандық дәрігерлер көмек қолын созып отыр. Бірақ ол жақта тексеріліп, ем алу үшін кемінде 20 миллион теңге қажет. Қапелімде мұндай қомақты қаржыны таба алмаған қарапайым отбасы енді халықтың көмегіне мұқтаж. Арнайы ашылған шотта қажетті ақша жиналса, Қаламқас Дели қаласындағы Аполло клиникасына аттанады. Әріптесіміздің ауыр дерттен айығып кетуіне септігі тиер деп экран алдындағы әр көрерменнен қолдау күтеміз!Өтеу МОЛДАҒАЛИЕВ, ҚАЛАМҚАСТЫҢ АҒАСЫ: Осындай сынақ келіп жатыр басымызға. Қарындасымыз өте қатты ауырып қалып жатыр. Осыған бүкіл қазақ елін жұмылып жәрдем беруге шақырамыз. Енді бұл жерде жақсы түсінетін адам бар шығар. Әр қазағым жалғызым деп ойлайтын жанашыр қазақтар болса, жәрдем беріп көмектесулеріңізді сұраймын.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Келешек» жинақтау жүйесіне қатысты заң мақұлданды
Мәскеуде Ауғанстан жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті
Батыс Қазақстанда мемқызметкер 75 млн теңге пара алған
Алматы қаласы Мәслихатына жаңа депутат сайланды
Қазақстанға Starlink жабдығын әкелуге тыйым салынады
Енді Қазақстанда жазғы үйлердің аумағы 50 шаршы метрден аспауы тиіс
TikTok 2024 жылы: Қазақстандағы ең жарқын сәттер мен трендтер
Қанат Бозымбаев Атырау облысының алдағы су тасқынына дайындығын тексерді
“Астана“ - “Челси“ матчы: Орталық стадионның басқарушысы қызметінен босатылды
Алматыда жастарға сейсмикалық қауіпсіздік туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде
Елордада арнаулы әлеуметтік қызметтермен 7,5 мыңнан астам адам қамтылды
Қазақстанда ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты
Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде екінші орынға көтерілді
Конференция лигасы: “Астана“ “Челсиге“ есе жіберді
Нұрғиса Әділетұлы Бахрейндегі әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
Футбол: "Астана" Челсиден жеңіліс тапты
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында 500-ден астам түркістандық отбасы баспаналы болды
Футбол: "Астана" "Челси"-ге есе жіберді
Тағы бір өңір ваучерлік қаржыландыру жүйесіне қосылды
Алматы орталық стадионының басқарушысы қызметінен шеттетілді
Ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы әлем чемпионы атанды
Қошанов: Президент – ұлтқа қызмет етудің жарқын үлгісі: 12 желтоқсан 2024, 22:10 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Алматыда «Француз үйі» ТҮК сүріліп жатыр
Атырауда су тасқынына дайындық қалай