Ауыр дертке шалдыққандарға мемлекет ай сайын өтемақы төлейді

Ауыр дертке шалдыққандарға мемлекет ай сайын өтемақы төлейді. Туберкулездің белсенді түрімен ауыратын азаматтарға 36 мың 925 теңге көлемінде көмек көрсетіледі. Мұндай әлеуметтік төлемді сырқатқа шалдыққан балалар да алады. Ол қалай беріледі? Арнайы тізімде тағы қандай дертпен ауыратындар бар? Тілшіміз айтады. Аты -жөнін жасыруды сұраған бұл азамат туберкулез ауруына шалдыққан. Ол басында жай ғана жөтел деп сырқатына мән бермепті. Алайда медициналық тексеруден өткен соң, аты жаман кеселге тап болғаны анықталған. Ем алуға мемлекет көмек көрсетеді. ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Осы айдан бастап 37 000 тг көлемінде ақша түсіп отырады әр науқасқа сол ақшаны алып отырамыз. Үкімет тарапынан дәрі-дәрмек тегін, жатуымыз тегін. Елордада туберкулезге шалдыққандар саны жылдан жылға азаюда. 2022 жылы 789 науқас тіркелсе. Қазір 700 адам есепте тұр. Оларға 2017 жылдан бері көмек көрсетіледі. Жеңісгүл САЙЛАУБЕКҚЫЗЫ, ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 2019 жылға дейін біз науқастарға, амбулаторияда ем алып жатқан науқастарға пакетпен тамақ берілетін. 20 кг ға жуық болатын. Яғни күріші бар, қара күріші бар жаңа макарондары бар сұйық майы бар, тушонкалары бар, згушонкалары бар. Сонымен қатар тіс тазартқыштары щеткалары бәрі болатын. Ал қатерлі ісікпен ауыратын балалар саны -468. Имунтапшылығы вирусын жұқтырған 1003 адам есепке алынған. Нұргүл ЖҮНДІБАЕВА, ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Ай сайын туберкулезбен ауыратын ересек азаматтарға 10айлық есептік көрсеткішпен әлеуметтік ақшалай көмек көрсетіледі. Сонымен қатар қатерлі ісікпен ауыратын кішкентай балаларға сонымен қатар адамның имун тапшылығымен ауыратын балаларға 25 АЕК АЙ сайын сондай әлеуметтік ақшалай көмек көрсетіледі. Сонымен әлеуметтік көмек туберкулездің белсенді түрімен ауыратын азаматтарға, адам иммунтапшылығы вирусы туғызатын ауру, оның ішінде адамның иммунтапшылығы вирусын тасымалдаушылар, қатерлі ісікке шалдыққандарға ай сайын өтемақы төленеді. Әлеуметтік мәні бар аурулар қоғамда кең таралуына байланысты тұрғындар арасында ең көп өлім және мүгедектік тудыратын аурулар қатарына жатады. Сондықтан денсаулық сақтау жүйесінде оларды диагностикалау мен емдеуге үлкен мән беріледі. Әлеуметтік көмек беріледі 1. Туберкулездің белсенді түрі 10 АЕК (36 920 теңге) 2. Адам иммунтапшылығы вирусы туғызатын ауру /балалар/ 25 АЕК (92 300 теңге) 3. Қатерлі ісік /балалар/ 25 АЕК (92 300 теңге) 4. Адам иммунтапшылығы вирусы туғызатын ауруға, оның ішінде адам иммунтапшылығы вирусын тасымалдаушы 5 АЕК (18 460 теңге)

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматы маңында жер сілкінді
Доллардың бүгінгі бағамы қандай?
Мұнар да мұнар, мұнар күн...
«Тұран таулары» халықаралық симпозиум-пленэрі көрмесі ашылды.
55 миллион теңге ұрлаған күдікті Швецияда ұсталды
Жазушы Мұхтар Мағауин АҚШ-та жерленеді
Алматыда есірткі өндірісіне арналған 3 тонна прекурсорлар мен құрал-жабдықтар тәркіленді
Бүгін 4 қалада ауа сапасы нашарлайды
11 қаңтардағы ауа райы болжамы: тұман мен жел күтілуде
Ғалым Мекемтас Мырзахметұлы өмірден өтті
Маңғыстауда колледж бухгалтері 243 миллион теңгені жымқырған
Абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлы дүниеден өтті
Tesla-ның 239 000 көлігінде камераның ақауы табылды, оларды кері қайтарып алмақшы
Белгілі ғалым Мекемтас Мырзахметұлы дүниеден озды
Банктен 55 млн теңге ұрлаған қазақстандық шетелде қамауға алынды
Ақмола тұрғыны чат-рулеткадағы әңгімесінен кейін сотталып кетті
Белгілі ғалым Мекемтас Мырзахметұлы өмірден өтті
Түркістан облысында 110 жастағы қария төлқұжатын жаңартты
Мекемтас Мырзахметұлы дүниеден озды
Ақмола облысының тұрғыны ұлтаралық алауыздықты қоздырғаны үшін сотталды
Банктен 55 миллион теңге жымқырған қазақстандық Швецияда ұсталды
«Үстінен екі рет мыжып өткен»: Семейде қызды көлікпен қағып өлтірген жүргізуші небәрі 2,5жылға сотталды
Жетісу облысының колледждерінде 14 жаңа мамандық ашылады
Ұлтаралық алауыздықты қоздырған Ақмола тұрғыны сотталды