Ауызашар: сәресіне тұрудың 8 пайдасы

 ҚМДБ сәресін ішудің пайдасы туралы ақпаратты бөліспекпіз.Жетісу облысының бас имамы Алмас Сағидоллаұлының жазуынша, сәресіне тұрып, тамақтанудың мынадай 8 пайдасы бар:1.Сәресіде берекет бар. Таң сәрісі – мұсылман үшін берекелі уақыт. Өйткені бұл кезде шынайы ниетпен жасалған құлшылық пен дұға қабыл болады. 2.Сәресі ішу басқа дін өкілдерінің оразасы мен мұсылман үмбетінің оразасы арасындағы айырмашылықты айшықтайды. 3.Сәресі ішкен адам Алланың рақымына бөленеді және періштелер сол адам үшін Алладан кешірім тілейді. 4.Сәресі – ризық жинаудың орайлы сәті. Бұған қатысты Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген екен: «Таң намазын оқығаннан киін ризықтырыңды табудан қапы қалып, ұйықтамаңдар». Сәресіге тұрған адам құлшылығын жасап болған соң, ризық жинау үшін амал етеді. 5.Сәресі ерте тұруға дағдыландырады. Халқымызда «Ерте тұрған еркектің ырысы артық, Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық» деген жақсы сөз бар. Расында, ерте тұру адамның денсаулығы мен өміріне жақсы әсер етеді. Ерте тұрған адам күні бойы сергек жүреді. Ерте оянған адам сол күнге жоспарлаған жұмыстарын артығымен орындайды. 6.Сәресі – Алладан кешірім сұрайтын сәт. Осы сәтте Алла өзінің Рақымды, Кешірімді сипатымен пендесінің дұғасын қабыл етіп, оның күнәсін кешіруі мүмкін. 7.Сәресіге тұру денсаулықтың жақсаруына әсер етеді. Қазір медицина мамандары таң атар алдында ұйқыдан ояну адам денсаулығына оң әсер ететінін айтып жүр. 8.Сәресі тамағы ораза ұстаған адамға күш-қуат береді. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сәресі ішу арқылы өзімізге көмектесу қажеттігін өсиет етіп кеткен. Сәресін ішкен адам күні бойы әлсіздік пен аштықты сезбейді. Сондықтан біз сәресіге тұру арқылы өзімізге көмектесуіміз керек.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жаңа жылда өзін жалғыз сезінетін адамдарға арналған кеңестер
Алматыда қоқыс өңдеу кезінде пакетке салыған адам денесі табылды
Мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
Терроризмді насихаттаған әрі есірткіні заңсыз пайдаланған Алматы тұрғыны сотталды
Бірер күн бұрын ШЫҰ Бас хатшысы қызметіне кіріскен Нұрлан Ермекбаев Президенттің қабылдауында болды
Алматыда IT-экожүйені дамытуға 10 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды
Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесі жаңғыртылуда
Оңтүстік Корея ресми түрде "ең қарт қоғам" санатына енді
Астана маңында орын алған ЖКО-дан 86 адам,оның ішінде 14 бала құтқарылды
Астанада және Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды
Қаңтардағы ҰБТ қай күндері өтеді?
"Лас, қауіпті және еш сиқыр жоқ": Асаубаеваның Нью-Йорктен көңілі қалды
Қар аралас жауын, көктайғақ: 4-6 қаңтар аралығындағы ауа райы болжамы жарияланды
Қазақстанда жер сілкінісі тіркелді
Ернар Айдар әкесі туралы жантебірентер жазба жариялады
Жаңбыр және қар: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?
«Қызғаншақ ене болуым мүмкін»: Ләйлә Сұлтанқызы ұлы туралы айтты
Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысын қабылдады
Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелді
Зарема Шаукенова: Президент экономикалық мәселелерге ерекше назар аударды
Оралда колледж студенті өлі табылды
Алматыда қоқыс өңдеу кезінде пакетке салыған адам денесі табылды
Алматыда қоқыс өңдеу кезінде пакетке салынған адам денесі табылды
Қазақстанның екі өңірінде автожолдар жабылды