"Аузы ұйып, жағдайы күрт нашарлады". Балық жемек болған ер адам өлім құшты

Бразилиялық Маньо Серхио Гомес уы 30 адамды өлтіруге қауқарлы фугу балығын жегеннен кейін қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі New York Post порталына сілтеме жасай отырып.Порталдың мәліметінше, досы Маньоға балықты сыйға тартқан. Олар екеулеп жүріп тазалаған. Пісіргесін, бірге жеп алған. Кейін ер адамдардың аузы ұйып, бірнеше минуттан кейін жағдайлары күрт нашарлап кеткен. Олар ауруханаға шұғыл жеткізілді.Ауруханада Маньоның жүрегі сегіз минутқа тоқтағаны анықталды. "Ер адам тетродотоксиннің уытты әсерінен зардап шекті. Ол - фугу балықтарының бауыры мен жыныс бездерінде жиналатын әсері күшті у", - делінген АҚШ ауруларды бақылау орталығының хабарламасында. Фугу балығындағы жыртқыштарды қорқыту үшін қолданылатын токсин цианидке қарағанда 1000 есе улы екенін айта кету керек. Оған қарсы дәрі әлі табылмаған. Денеге енген кезде уытты заттек дене мен ми арасындағы арналарды бітеп, жүйке жүйесін зақымдайды. Салдарынан адам салданады, өкпе мен жүрек қызметі бұзылады, бұның соңы өліммен аяқталады. Көңіл көншітпейтін болжамдарға қарамастан, дәрігерлер бразилиялықты өкпені жасанды желдету аппаратына қосып, оның өмірі үшін соңына дейін күресті. Өкінішке қарай, барлық емшара еш нәтиже бермеді. Улы токсин ер адамның миын қатты зақымдаған. 35 күннен кейін Маньо қайтыс болған. Бразилиялыққа фугу балығын берген досы аман қалды. Дегенмен ол да қауіпті деликатестің зардабын тартты. Оның жүріп-тұруы қиындағаны белгілі болды. Деликатес саналатын фугу балығын, әсіресе жапониялықтар сүйіп жейді. Гурмандар бұл балықтың дәмін ештеңемен салыстыруға келмейтінін айтады. Жапонияда өлім-жітімді болдырмау үшін фугу балығын арнайы аспаздар дайындайды. Олар адам организміне қауіп төндірмейтін токсин мөлшерін ғана қалдырып дайындайтын көрінеді. Алайда әлемде жыл сайын фугу балықтарының уытты әсерінен 10-20 адам көз жұмады. Адамдардың басым бөлігі деликатесті үйде өз бетінше дайындаймын деп өлім құшады екен.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Ақтөбеде электр желілеріне мұз қатып, жарық сөнді (ВИДЕО)
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі: Энергия тиімділігі картасы аясында бір жылда 31 жоба енгізілді
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады
Қостанайда 20 жыл көріспеген әкесі мен қызы табысты
Қазақстан құрамасы шпагамен семсерлесуден әлем кубогы кезеңінде күміс медаль алды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізеді
Қазақстанның басым бөлігінде боран болып, тұман түседі
Алаяқтар «айыппұлмен» алдауға көшті
Ақмола облысында төрт жасар бала 39 магнитті жұтып қойды
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады
Қазақстанның былтырғы күзде қанша астық экспорттағаны белгілі болды