Автокөлікті тонау жағдайының 70%-ында дабыл жүйесі болмаған - ІІМ

Ішкі істер министрлігі былтыр жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде автокөлікті айдап кету және ұрлау фактілері бойынша мыңнан астам адам, оның ішінде 40 қылмыстық топ ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.Жыл басынан бері автокөлік ұрлығымен айналысатын 140 адам және екі қылмыстық топ жауапқа тартылды. 25 ақпанда Алматыда автокөліктерді ұрлағаны үшін қылмыстық топтың үш қатысушысы ұсталды, олардан автокөліктің фарасы арқылы борттық комьютерге қосылып автомобильдің күзет жүйесін ажырататын электрондық құрылғы тәркіленді. "Қылмыстардың ерекшелігін ескере отырып, жедел қызметкерлер ұрланған көліктерді тығып қоятын, өткізу және бөлшектеу орындарын анықтайды", - делінген ІІМ хабарламасында. Ішкі істер министрлігі автокөліктерді айдап кету мен ұрлауға ықпал ететін негізгі себептер мен жағдайларды бөліп көрсетті:күзет дабылдарының болмауы, ұрлау жағдайларының 70% -ында дабыл болмай шығады; автокөлікті ұзақ уақытқа қараусыз қалдыру; ТМД елдерінің "сатушыларынан" "қылмыстық" және шектеуі бар автокөліктерді сатып алу. ІІМ әр адам өзінің көлігін сақтауы үшін қарапайым қауіпсіздік нормаларын ескеруді ұсынды: автокөлікті есігі мен құлпын ашық күйінде қалдырмаңыз; автокөлікті түнде тұраққа қою кезінде гаражды немесе күзетілетін тұрақты пайдаланыңыз; қылмыскер сіздің көлігіңізді тез иемденбеуі үшін шаралар қабылдаңыз: оны электрон және механикалық ұрлыққа қарсы құрылғылармен және GPS маяктарымен жабдықтаңыз; автокөлік салонында құжаттар мен құнды заттарды қалдырмаңыз; басқа мемлекет тіркелген автокөлікті сатып алғанда, түрлі интернет-сайттар ұсынатын қызметтер арқылы автокөліктің тазалығын тексеріңіз.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Полициядан қашқан көлік жүргізушісі ұсталды
Атырау ауруханасында 10 айлық сәби көз жұмды
Ол кісіге ғашық та болмағанмын: Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі туралы шындықты айтты
Түркістанда ботаникалық бағы бар "Жастар" саябағы пайдалануға берілді
Тұман, жел, көктайғақ: 13 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
“Жындарға сенемін“. Ақан Сатаевтың адам сенгісіз жайтқа тап болғаны рас па?
Ол кісіге ғашық та болмағанмын: Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі туралы шындықты айтты
Жылан жылы: 2025 жыл қандай болады?
Жұмысқа кешігуге кептеліс кедергі болса...
Атырау ауруханасында 10 айлық сәби көз жұмды
Абылайхан — Азия чемпионы! Финалда тістеп алған өзбек боксшысы жазаланды
«Санасыздар»: Ырысбала Икрамбай халықтың ақшасына алынған үйді сатпақ болған оқырманына ашуланды (ВИДЕО)
Абылайхан — Азия чемпионы! Финалда тістеп алған өзбек боксшысы жазаланды
Алматыда Тәуелсіздік күніне орай өтетін іс-шаралар белгілі болды
16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы бекеттер жұмыс істемейді
16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасында өткізу пункттері жабылады
Абай облысында прокурорлар ақша далаға шашылғанын анықтады
Алматы Орталық стадионының басқарушысы қызметінен босатылды
Қазақстанда қатты пайдалы қазбалар бойынша қанша кен орны бар?
Мәжіліс төрағасы Ресей Федералдық жиналысы федерация кеңесінің төрайымымен кездесті
Полициядан қашқан көлік жүргізушісі ұсталды
16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пунктері жұмыс істемейді
Ақмола облысында вейп саудасы әшкере болды
«Түрмеге отырып шыққан адам бұрынғыдай болмайды»: Мейіржан Төребаевтың жары күйеуінің қазіргі жағдайы туралы айтты