Автонесие: 18 секундта 761 адам кредит алуға өтінім берген

Бүгін 4 пайызбен автонесие алуға өтінім қабылдау басталды. Бірақ платформа іске қосылған алғашқы минутта-ақ сайтқа 125 мың адам кіріп, өтінім берген. 761 адам небәрі 18 секундта тіркеліп үлгерген. Бұл қаншалықты мүмкін? Тіркелгендер кімдер? Әріптесім Ақбота Базарбайдың бейнематериалы.Нұрсұлтан -жеңілдетілген автонесиеге өтінім беріп үлгере алмай қалғандардың бірі. Айтуынша, таңғы 9-дан сайтқа кіріп, дайындалған. Алайда, бабы болғанмен, бағы жанбапты. Нұрсұлтан МЕРЕКЕҰЛЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Бағымызға бұйырмады ма? Келешекте тағы да болады деп жатыр ғой. Әр ай сайын 100 адамнан деп. Құдай бұйыртса сол сәтке үлгеретін шығармыз деп ойлап тұрмыз. Ал Данияр бағы жанғандардың қатарында. Өтінімі қабылданған бойда, автосалонға келіп, алатын көлігін таңдапты. Данияр САДУАҚАСОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Сағат 10-нан 2 минут кеткенде заявка одобрен деп шықты. Подпись ЭЦП-мен қол қойып, ашып көрсем сайт уже құлап қалды. Құлағаннан кейін ойладым уже бітті деп. Одан кейін сайтта тексеру бар ғой. Сонымен тексеріп едім. Өтіп кетті заявка. Сразу салонға звондап едім, менеджер жүгіріп келіңіз деді. Міне, жүгіріп келдік. Банктен одобрение алдық. Қазақстан бойынша бұған дейін өтінім бере алады деген 761 адам, небәрі 18 секундта тіркелген. Астана қаласы бойынша алғашқы ондық түске дейін төлем шотын алып, банктен мақұлдама алған. Исламбек БАЙТУНОВ, АВТОКӨЛІКТЕРДІ САТУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСШІ: Порталға өтініш білдірген клиенттерден бүгінгі таңда 10 адам келді. Біз автокөліктің түсіне, жинақталымына байланысты таңдауға көмектесіп, 10 адамға төлем шоттарын тапсырдық. Төлем шотын алғаннан кейін несие алушы банкке барады, мақұлдама алғаннан кейін, автокөлікті өз атына рәсімдейді. Ал салонда жоқ көлікті алғысы келген адам 45-60 күн күтуі керек. Ал дилерлік компания машинаны 2 ай ішінде иесіне табыстауға міндетті. Ринат ҒАППАРОВ, «ӨНЕРКӘСІПТІ ДАМЫТУ ҚОРЫ» АҚ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бүгінге күнге дейін 76 млрд теңге жиналды. Осыған сүйене отырып, несиенің максималды сомасы он миллион теңге. Қарапайым есеппен 761 адам несие алады деп айта аламыз. Барлығы несиені қайтарғандардың төлеген ақшасынан шығады. Өтініштерді қабылдау шегі толғаннан кейін сайт автоматты түрде тоқтап, «Өтінім беру» батырмасы жұмыс істемейді. Өтінімдерді қабылдау енді әр ай сайын жалғасады. А. Базарбай

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Жетісу» клубының директоры 1,8 млрд теңге жымқырғаны үшін қамауға алынды
«Ұят бар ма?»: Ернар Айдардың концертіне келген әжей халыққа ұрысты (ВИДЕО)
«Жетісу» футбол клубының директоры қамауға алынды
Әкімдік есепшісі жалақысына бірнеше миллион теңге қосып алған
Мексика алғаш рет әйел президентті сайлауы мүмкін
Телефон пайдалану, ереже бұзу: Алматы облысында 200-ден аса автобус жүргізушісі жазаланды
Астанада Қабанбай батыр даңғылы мен Орынбор көшесінің қиылысы жабылады
СІМ: Қазақстан тәліптермен ерекше қарым-қатынасын жалғастырады
Тілеген Әбішев Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары атанды
Жетісуда электр энергиясының тарифі төмендейді
Алматыда алғаш рет тас жол веложарысынан Азия чемпионаты өтеді
Президент Алматы әкімі Ерболат Досаевты қабылдады
Қайрат Сатыбалдыұлы экс-әйеліне ісіне қатысты сотта жауап бере ме?
Қазақстанда алаяқтардың 50 миллионға жуық қоңырауына тосқауыл қойылды
Сұқбат эмоционалды болып шықты: СІМ Зеленскийдің сұқбатына реакция білдірді
Қазақстандықтар Құрбан айтта қанша күн демалатыны белгілі болды
Президент Алматы әкімі Ерболат Досаевты қабылдады
Александра Ле маусымдағы үздік нәтижені көрсетті
27 жыл бойы Бельгияда жалған атпен жасырынып жүрген қылмыскер жеткізілді
Қазақстан Швейцариядағы бейбітшілік саммитіне қатыса ма
Рыбакина «Ролан Гаррос» турнирінің финалына жақындап келеді
Тоқаев Алматы қаласының әкімі Досаевты қабылдады
Алматы әкімі Тоқаевқа есеп берді
«Қазір жетектеп жүр, Құрбан айтта көреміз»: Алматыда жөргек киген қозы автобусты кезіп жүр