Автотұрақтар мәселесі қалай шешіледі?

Көлік көп, тұрақ жоқ. Астана тұрғындары көлігін қайда қоярын білмей әуре-сарсаңға түседі. Ал паркингте 1 орын кемі 2 миллион теңге тұрады. Сонда не істеу керек? Әріптесім Ақбота Базарбай толығырақ айтады.Ақбота БАЗАРБАЙ, ТІЛШІ: Астанадағы ең үлкен мәселенің бірі - автотұрақ. Жеткенше қайда қоямын деп ойланасың. Жеткен соң қалай қоямын деп ойланасың. Қайда қарасақ та орын таппай жүрген көп көлік. Көлігімізді қоятын орын таппай біз де біраз сандалдық. Жарты сағаттай тұрғын үйді айналшықтап, ақыры мүлде басқа үйдің ауласына қалдырдық. Дәл осылай мәжбүрлікпен бір көшеден келесі көшеге көліктерін қалдырып, жарты жол жаяу жүрген тұрғындардың әбден ығыры шыққан. Төкенбай ҚҰРАҚБАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Ауламызда машина қоятын орын жоқ. Кешке жақын жұмыстан келгенде балаларымыз, не өзіміз қоятын жер жоқ басқа біреудің ауласына қоюға тура келіп тұрады. Оның өзі алыс жаяу бару керек. Сондықтан үй салған уақытта ауланы кеңейтіп, кең жерден дұрыстап салу керек қой. Ал енді паркингке барайын десең паркинг күніне 1500 тг алады. Әйтпесе оның сатылу бағасының өзі 2-2,5 млн тұрады. Оны қалай аласың? Қалада көлік көп. Ал аула маңында автотұраққа арналған жер тапшы. Үйлердің маңына көліктер ретсіз қойылуының себебі де содан. Бұған қатысты Мемлекет басшысы сын айтты. Автотұрақсыз үйлер енді салынбауы керек деп тапсырма берген еді. Содан бері не өзгерді? Жанат КИМБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ЭСКИЗДІК ЖОБАЛАРДЫ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ ЖАРНАМАНЫ ҚАРАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: 1 наурыздан бастап бұрынғы заңдылықтарға өзгерістер енгізілді. Бұрын құрылыс нысанына рұқсат берерде автотұрақ аса қатты ескерілмейтін. Ал қазір тұрғын үйде қанша пәтер болса, соның жартысы, яғни 500 пәтер болса, 250 автокөлікке орын қаралуы міндетті. Онсыз құрылысқа рұқсат берілмейді. 1 көлікке негізінен 3 орын қаралуы керек дейді құрылысшылар. Бірі үйінде, бірі жұмыс орнында, ал бірі сауда орталықтарында. Ал 500 пәтерге 250 орын салу, мәселені тек жартылай ғана шешпек. Тимур НҰРТАЕВ, ҚАЗАҚСТАН ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР ОДАҒЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Жартылай ғана шешілген мәселе, ертең тағы бір мәселенің басын ашады. Сондықтан оны түпкілікті шешетін жолдарды қарастыру керек. Қазір көлік көп, тіпті 1 үйде 2-3 көліктен бар. Ал 1 пәтерге жарты көлік деп қарастырған ақылға сыймайтын сияқты. Көлік саны азаймайды. Керісінше көбеймесе. Қазір қалада жарты мыңға жуық тіркелген көлік бар. Ал тіркелмегені қаншама. Оған алыс-жақыннан келген автокөліктерді қосыңыз.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Таза Қазақстан»: эко ғана емес, сана тазалығы
Астанада желілік мұз айдыны қашан ашылатыны белгілі болды
“Жалған құжаттар жіберіліп жатыр“. ҚҰБ ескерту жасады
Орталық төңірегіндегі тартыс
Мейірбек Сұлтанхан, ақын, «Алтын домбыра» иегері: Керегі мен кебегін халық өзі ажыратып алады
Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Словенияны жеңді
950 жылдық теңдессіз туынды
Қайтарымсыз грант нәтиже беруде
ШҚО-да электр қозғалтқыштары шығарыла ма
Ақтөбе облысында алимент төлемегендерге қылмыстық іс қозғалды
«Тамаша» туралы тамаша тарту
«Таза Қазақстан»: эко ғана емес, сана тазалығы
«Егеменнің елдік жолы»: басылымға – 105 жыл
«Бывшыйым» артымнан қалмайды»: Коуч қыздарға абьюзер жігіттерден қалай құтылуды үйретті
“Жалған құжаттар жіберіліп жатыр“. ҚҰБ ескерту жасады
Орталық Азия елдерінің ортақ диалогы
Астанада желілік мұз айдыны қашан ашылатыны белгілі болды
Өңірлер қуатты болса, мемлекет мықты
Ауыр атлетика: Артем Антропов – әлем чемпионы
Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды
Отшашуға толы Mercedes Benz жүк көлігі өртенді
«Ақшаға таласыпты»: Сырым Исабаев Қайрат Нұртас туралы шындықты айтты
World Boxing Астанада әлем чемпионатын өткізетін болды
5 пәкістандық шекарадан заңсыз өткені үшін сотталды