Аяғы іріңдеп, жара бүкіл денесіне тарайды: Қарағанды облысында жұмбақ дерттен жылқылар қырылып жатыр

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында жылқылар белгісіз дерттен қырылып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.Бұған дейін Төрткүл ауылының тұрғындары жылқылары белгісіз дерттен қырылып жатқанын, ветеринарлар сынама алғанын, бірақ "лимфангит" дертін "әдейі өтемақы төлемес үшін" жоққа шығарғанын айтқан еді.Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, Үміткер ауылында 2023 жылғы мамырдан бастап жылқылардың эпизоотиялық лимфонгоиті бойынша карантин енгізілген. Сол кезде республикалық бюджеттен өтемақы төленіп, аталған елді мекендегі 185 бас жылқы жойылған. БАҚ пен әлеуметтік желілерде 2024 жылғы 15 қаңтарында Е.Бековтың "Ержан" ШҚ-дағы екі бас жылқыда эпизоотиялық лимфангиттің клиникалық белгілері байқалғаны туралы ақпарат жарияланды. 16 қаңтарда екі бас жылқыдан сынама алынып, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне қарасты Республикалық ветеринарлық зертхананың Қарағанды облыстық филиалына жеткізілді. Зертхананың талдау нәтижесі теріс болып шыққан.Сонымен қатар осы жылдың 4 қаңтарында мамандар Төрткөл ауылының тұрғыны М.Жұмаділдің жылқыларынан екі сынама алды. Бұған дейін, 2023 жылғы 9 қазанда осы кісіге тиесілі бес бас жылқыдан сынама алынған. Ол кезде де талдау нәтижесі "теріс" деп көрсеткен."Үмiткер ауылдық округiндегi эпизоотиялық жағдайды ескере отырып, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетi арнайы комиссия құрды, оның құрамына келiсiм бойынша "Ветеринария жөнiндегi ұлттық референттiк орталық" ШЖҚ РМК, ҚР АШМ мамандары және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің "Ғылыми биологиялық қауіпсіздік проблемаларының зерттеу институты" қызметкерлері енгізілді. Арнайы комиссия 2024 жылғы 2-3 ақпанында мониторинг жүргізу үшін Үміткер ауылдық округіне барды. Олар Үміткер, Төрткөл, Үлгі ауылдарындағы сау, жайылымда жүрген және ауру жылқылардан биологиялық және патологиялық материалдар сынамаларын алды. Сондай-ақ, мамандар жергілікті тұрғындармен кездесті. Комиссия сапары кезінде "Ержан" шаруа қожалығының иесі сынама алу үшін жылқыларын бермеген еді. Сол себепті, 6-7 ақпанда Үлгі ауылында жылқылардан қосымша 11 сынама және Төрткөл ауылындағы, атап айтқанда, "Ержан" шаруа қожалығындағы екі жылқыдан сынама алды", - деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.Алынған сынамалар Республикалық ветеринариялық зертхананың Қарағанды филиалына жеткізіліп, Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтына жіберілген. Ведомство зерттеу нәтижелері туралы қосымша хабарлайтынын мәлімдеді.Бұған қоса, ғылыми институтпен бірлесіп жылқыларды вакцинациялау және карантин жағдайында эпизоотиялық лимфангитке қарсы иммунитеттің шиеленісуіне мониторингтік зерттеулер жүргізіледі.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Павлодар облысындағы алтын кеніште ер адам қаза тапты
Биыл қазақстандықтар МӘМС есебінен 1 млннан астам қымбат зерттеулерден өтті
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Биыл қазақстандықтар МӘМС есебінен 1 млннан астам қымбат зерттеулерден өтті
Соғым FEST: Астанада өткен жәрмеңкеде фермерлер 100 тоннадан аса ет ұсынды
Батыс Қазақстан облысында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды
“Сахнаға шығартпады“. Сырым Исабаевтың Қайрат Нұртаспен сыйыспай қалғаны рас па?
Фастфуд емес: ағзаның қартаюын тездететін тағамдар аталды
«Кабирханның інісі»: Дубайда өткен жарыста қазақ сәйгүлігі бірінші келді (ВИДЕО)
“Аса қауіпті“. Қандай адамдарға моншаға баруға болмайды?
Теміртау маңында 700-ден астам көлік жолда қалып қойды
Ұйықтар алдында мандарин жеуге бола ма?
Қатты желден жүк көлігінің тіркемесі аударылып кетті
Астанадан 1 миллион текше метрден астам қар шығарылды
Жүрек ауруына әкеп соғады: жатын бөлмедегі жарық несімен қауіпті?
Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді
Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
ТЖМ құтқарушылары Жамбыл облысындағы өртті сөндірді
«Қыз үшін»: Париж Олимпиадасына қатысқан қазақ спортшысын сабап кеткен
Абай облысындағы тасжолда қатты жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
Қарағанды облысындағы тасжолдың бір бөлігі ауа райына байланысты жабылды
Жамбыл облысында қоғамдық моншада өрт шықты
«Басына тигені жақсы»: Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған Жұлдыз туралы сын айтқандарға жауап берді
Павлодар облысындағы алтын кеніште ер адам қаза тапты