Аяқ киімнің ізі арқылы анықтады

Ақмола полицейлері ұрлыққа қатысы бар күдіктіні аяқ киімнің ізі арқылы анықтады. Polisia.kz. дерегеніше, 1 ақпан күні Атбасар ауданының полиция бөліміне ЖШС директорының ағымдағы жылдың 25-31 қаңтары аралығында Сепе ауылындағы қоймадан пластикалық терезені бұзып кіру арқылы электр құралдары: алмазды бұрғылау станогы және бетонға арналған вибратор ұрланғаны туралы арызы келіп түсті. Өтініш беруші бұл құралдарды ЖШС қызметкерлері тұрғын үйді жөндеу кезінде қолданатынын айтты. Кезекті тексеру барысында заттардың жоғалғанын анықтаған агрофирма директоры полицияға жүгінген. Залал сомасы 250 мың теңгеден асты. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталды. Ол бұрын істі болмаған 24 жастағы жергілікті тұрғын екендігі анықталды. Түнгі уақытта күдікті қойманың үй-жайына кіріп, электр құралдарын шығарып, кейінірек алып кетемін деген үмітпен оларды қараусыз қалған сарай ғимаратына жасырған. Ұрлық жасағаннан кейін ер адам танысына барған. Ауылдың шетіндегі қоймадан ауыл тұрғындарының бірінің үйіне апарған аяқ киімнің ізі арқылы полицейлер күдіктіні анықтады. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Сыр өңірі көш бастап тұр
Қазақша дубляж қашан оңалады?
ҚазҰУ-да қолданбалы микробиология зертханасы ашылды
«Сібір жарасын жұқтырды»: Атырауда қасапшы ауруханаға түсті
Конор Макгрегор зорлау ісі бойынша кінәлі болып шықты
СҚО бойынша ҰҚҚК департаменті бастығының экс-орынбасары күдікке ілікті
Қаржы министрлігі: Мемлекеттік сатып алу туралы ашық диалог
«Бауырына салу» фильмі тағы бір халықаралық марапатқа ие болды
Алматы облысында тауда адасқан жасөспірім құтқарылды
Мұғалімдер сынып жетекшісі болғаны үшін қанша теңге алады?
Ресей Солтүстік Кореяға мұнай беріп, қару-жарақ пен сарбаздар алып отыр
Сайран жағалауындағы жаңа қоғамдық кеңістік 2025 жылы ашылады
Барлық өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Демалыс күндері ауа райы қандай болады
Соқпақпаев мұрасы – оқырманға олжа
Іле Алатауы тауларынан жасөспірім құтқарылды
Жемқорларды ұстауға көмектескендер қалай қорғалады?
Бидайдың құны кебекпен тең
Барлық өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Емнің де сұрауы бар
Ақтөбе, Түркістан облыстарындағы ауылдар да жабылып жатыр
Жетісу облысында 3 адам өрттен құтқарылды
Жетісу облысында 3 адам өрттен аман қалды
Медициналық мекемелердегі санитария: неге ауруханаларда әжетхана қағазы жоқ?