Полицейлер Ақмола облысында мас ер адам көлікті ұрлап, артынан рульге ие бола алмай жол апатына ұшырағанын мәлімдеді. Бұл туралы Polisia.kz ақпараттық медиа-порталында хабарланды.Ведомство мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 3 тамыз күні кешке болған.Алдын ала мәлімет бойынша, кешкі сағат 06:00 шамасында Көкшетаудағы жергілікті үйлердің бірінде 25 жастағы жігіт ауладан Nissan Primera көлігін ұрлап кетіп, жол апатына ұшыраған."Әшімов көшесінде Nissan көлігінің жүргізушісі полиция қызметкерлерінің ескертуін елемей, тоқтаған жоқ, ол рульді басқара алмай, апатқа ұшырап, аялдаманы зақымдап, көшелердің бірінде орналасқан дүкенге соғылған", – делінген полиция департаментінің хабарламасында.Оқиға орнына келіп жеткен жедел-жәрдем қызметкерлері жол-көлік оқиғасын тудырған адамның мойын омыртқасы мен кеуде тұсы көгергенін айтты.Ер адам сотқа дейін Көкшетау қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ведомствода аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 200 бабы "Көлікті айдап әкету" дерегі бойынша сотқа дейінгі іс қозғалғаны атап өтілді.