Аязды күндер электромобильдер үшін нағыз сынаққа айналды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.Әлеуметтік желіде жол бойында қатып қалған электрокарлардың видеосы көптеп тарап жатыр. Биыл элоктромобиль сатып алған қазақстандықтардың көбісінде алғашқы қысты қалай өткіземіз деген сұрақтың болғаны рас. Электромобиль – қалаға арналған таптырмас көлік құралы, дегенмен қалааралық жолдарға әзірге олар ыңғайсыздау, себебі тиісті инфрақұрылым жоқ. Сол үшін де алыс сапарға шығарда жанармаймен жүретін көлікке басымдық берген дұрыс секілді. Бұған әлеуметтік желіде тараған видеолар да дәлел. Солардың бірінде электромобильдің жол ортасында қатып қалғанын көруге болады.