Көркем гимнастикадан Қазақстан командасының мүшесі Айбота Ертайқызы Ташкенттегі Азия біріншілігінде чемпион атанды, - деп жазды S-sport телеграм каналы. Қазақстандық спортшы таспамен жаттығуда көш бастады. Төрешілер оның өнерін 32,90 ұпайға бағалады. Күміс жүлдені өзбектандық Тахмина Икромова, қоланы жапондық Рейна Мацусака еншілеген.