"Айдан анық көрініп тұр": Түркістан облысында ер адам 7 кішкентай қызды зорлады деп айыпталды

Түркістан облысы Отырар ауданында 33 жастағы ер адам жеті қызды зорлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Адвокат Айман Омарованың айтуынша, әртүрлі отбасының балалары бір адамнан зорлық көргенін хабарлаған. Қыздардың жасы 7-10 аралығында. Олар күдіктімен көпқабатты үйде көрші тұрған."Түнде Түркістан облысының тұрғындары "Бір терезе" жобасы бойынша бізге хабарласып 1990 жылы туған ер адам әртүрлі отбасынан шыққан жеті қызға жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткенін хабарлады", - деді адвокат. Омарова зардап шеккендер көп болуы мүмкін деп болжайды. Ол оқиға туралы балалар омбудсмені Динара Зәкиеваға айтқан. Ал балалары жәбір көрген ата-аналар күдіктінің ағайыны әрі көршісі екенін мәлімдеді. "Кеше түскі ас кезінде естідім. Осы жаз айында зорлық-зомбылық жасаған. Ауруханаға апарып тексерттім, айдан-анық көрініп тұр. Менің сараптамаға жіберуді талап етемін. Азаннан кеше түннен бері жүрмін. Әлі бір адамды тергемеді. Бұл жерде жалғыз мен емес, бірнеше қызға зорлық-зомбылық көрсеткен. Дәрігерлерге апарып көрсеттім, жоғарыға апаратын мүмкіншілігім болмай, таныс дәрігеріме апарып көрсеттім. Алдымен көзім анық жетсін дедім. Сіздерге өзім жетіп болғаннан кейін барып, айтып отырмын. Аудандық ішкі істер бөлімі шақырып кешелі бері осы жерде әлі тұрмын. Қимылдап жатқан тергеушілер жоқ. Бір адамды бірнеше сағат әлі тергеп жатыр", - деді жәбірленушінің анасы. Түркістан облысының полицейлері құқық қорғау органдарына тек екі жергілікті тұрғын ғана арыз бергенін айтты. Зорлаған күдікті ұсталып, ол бәрін мойындады. Қылмыстық кодекстің 120-бабының 4-бөлігі "Зорлау" бойынша қылмыстық іс қозғалды. "Істің тергеуі менің жеке бақылауымда. Сабыр сақтап, заң аясында тергеу нәтижесін күтулеріңізді сұраймын", - деді облыстық полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ауа райына байланысты «Үшарал-Достық» автожолы жабылды
Facebook, Youtube және Instagram желілері істен шықты
Астанада көшенің ортасында көлік өртке оранды
Нашақорлықпен күрес күшейді
Қаншама зират көрдім, ішінде адамы жоқ...
Қазақстандықтар қай жемісті көбірек тұтынады
Полиция мереке қарсаңында күшейтілген қызмет режиміне көшеді
Қаржылық сауат балабақшадан басталады
Сырты бүтін» кітабының тұсаукесері өтті
Ақтауда жасөспірімдер жағажайдағы қоршауды қиратқан
Екібастұзда құбыр жарылып, 10 жастағы бала күйіп қалды (ВИДЕО)
Жоғары аудиторлық палатаның есебі тыңдалды
Жыл басынан бері Астанаға миллионнан астам турист келді
Білім мен инновацияға негізделген экономика құру қажет
Астанада көшенің ортасында көлік өртке оранды
Алматыда демалыс күндерінің жәрмеңкелері модернизацияланды
85 млн теңге қарызы көлік жүргізушісі ұсталды
Үйде еркектің билігі әлсірегенде ене ұлын қызғанып, келінге күн көрсетпейді - Мұхамеджан Тазабек
«Мұндай нәрсені жауыма да тілемеймін»: бостандыққа шыққан актер жантебірентер жазба жариялады
Садраддин, Науатбек Ақмарал: Тағы кімдер «Дарын» жастар сыйлығының иегері атанды (ВИДЕО)
Жаһандану жағдайында білім беру бағдарламаларын жобалау
"Алданып қалмаңыздар!": Ұлттық банк маңызды мәлімдеме жасады
Жаңа жыл қарсаңында Қарағанды облысында қылқан жапырақты ағаштарды қорғау күшейтілді
Бас бапкер Азия чемпионаты туралы: Екі салмақ дәрежесіндегі нәтижемен келіспейміз