Әйел 12 жасар баласын иттің ұясына қамап ұстап, тамақ бермей азаптаған

Австрияда 32 жастағы әйел 12 жасар ұлын қорлағаны үшін тергеліп жатыр. Ол баланы иттің кішкентай жәшігіне қамап тастап, күн суықта аш ұстап отырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC агенттігіне сілтеме жасап.Бұл жағдай бірнеше күн бұрын ғана көпшілікке белгілі болды және елде наразылық толқынын туғызды. Әйел өткен жылдың қараша айынан бері Венаның солтүстік-батысындағы Кремс қаласында қамауда отыр. Әлеуметтік қызметкер дабыл қаққаннан кейін оны полиция ұстаған. Отбасынан бөлек тұратын баланың әкесі де полицияға жүгінді. Баланы табылған кезде комада болған, дене температурасы небәрі - 26,8 градус, бірнеше ай азап көрген бала өлімнің аз-ақ алдында болған. Бұл жайында журналистерге Төменгі Австрия провинциясының полиция өкілі Йоханн Баумшлагер айтып берді. Бала шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді, ал келесі күні анасы қамауға алынды. Баумшлагердің айтуынша, әйел күн сайын баланың үстінен бірнеше рет салқын су құйып отырған, пәтердің терезелерін нөлден төмен ауа температурасында бірнеше сағат бойы ашып қойған. Ол баланың физикалық тұрғыда қалпына келгенін, бірақ психологиялық жағдайы нашар екенін айтты. Мамыр айының соңында әйел Жоғарғы сотқа шағымданып, бірнеше айдан бері себепсіз қамауда отырғанын айтқан, бірақ сот оның шағымын қабылдамай тастады. Тергеу жаздың соңына дейін жалғасады. Содан кейін әйелге айып тағылады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Мен қазақпын»: Астанада бір сәтте 700 оқушы патриоттық әнді шырқады
Құрмамен бірге жеуге болмайтын өнімдер аталды
Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Қыста көлікте кондиционерді не үшін қосу керек екенін білесіз бе?
«Мен қазақпын»: Астанада бір сәтте 700 оқушы патриоттық әнді шырқады
Түркістанда полиция 200-ден астам жүк көлігіне көмектесті
Адам қанша литр шай ішкеннен кейін өліп кетуі мүмкін?
ТЖМ қызметкерлері Қарағандыда өрт кезінде 6 адамды құтқарды
Алматының коммуналдық қызметтері қардың түсуіне байланысты күшейтілген режимде жұмыс істеуде
Жас спортшылар патриоттық челлендж ұйымдастырды
Қан тамырлар саулығы: рационға қосу керек топ-8 өнім
2025 жыл қандай болмақ?
Еліміздің "Үздік акушері" анықталды
Алматыда «баррамунди» экзотикалық балық түрі өсіріледі
Құрмамен бірге жеуге болмайтын өнімдер аталды
“Қанды желтоқсанның сызы әлі байқалады”: желтоқсан оқиғасына қатысқандар не дейді?
Өскеменде бір ай бұрын жоғалған 19 жастағы қыздың денесі табылды
Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Астанада Бибігүл Төлегенованың 95 жасқа толуына орай салтанатты концерт өтті
Есте сақтау қабілетін жақсартатын ең оңай тәсіл белгілі болды
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Алматы облысына барды
«Көзімнің тірісінде күйеуге шыққанын көргім келеді»: Мақпал Жүнісова арманын айтты
Алматыға жақын маңда жер сілкінді
ММА-дан әлем чемпионаты: Ақтөбелік полицей финалда техникалық нокаутпен жеңіске жетті