Әйел бесінші қабаттан секірмек болды

Оралдық полицейлер өз-өзіне қол салмақ болған әйелді құтқарып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz.3 сәуір күні  Патрульдік полиция батальоны  520 экипажының қызмет  инспекторлары Руслан Муксанов пен Райымбек Кабылов кешкі сағат  20.15 шамасында "Зачаганск" ықшам ауданы,  №25 Чапаев дивизиясы көшесіндегі  бес қабатты үйдің тұсынан өтіп бара жатып, көпшілік тұрғындардың жиналып тұрғанын көреді. Өздеріне жүктелген тапсырманы қалтқысыз орындап, бекітілген әкімшілік аймағын тексеріп жүрген олар  жоғары тұстағы балконның шетінде ілініп тұрған әйел адамды байқайды.  Шапшаң қимылдаған сақшылар   Шаған полиция  бөліміне хабарласып, дереу ақпарат береді. Бірден сол қатардағы балкон тұсындағы подьезден жоғары қабатқа көтеріліп, пәтерді де табады. Түрлі оқиғалардың  бел ортасында жүріп, әбден ысылған екі инспектор пәтердің есігін ашып ішке енеді.  Содан соң жаймен әйелмен сөйлесіп  балкон сыртында ілініп тұрған жерінен ішке еппен кіргізеді. Сұрастыра келе, бұл азаматшаның өмірден түңіліп, отбасында кикілжің туындап  көп қабатты үйдің жоғарғы қабатынан секіргісі келгені белгілі болды.  "Біз балконның сыртқы қапталында құлағалы  тұрған  әйелді көргенде еш ойланбастан құтқарып қалуға ұмтылдық. Шошытып алмайық деп бір-бірлеп подьезге кірдік. Сосын зулап жоғарғы қабатқа көтерілдік. Жоғарыдан төменге қарап тұрған әйелді жәймен ғана, жылы сөйлеп ішке шақырып, қолтығынан көтеріп, терезеден кіргіздік. Қорқыныш пен үрейді білмедік. Мақсатымыз- жерге аман түсіріп алу ғана болды. Жас адам, өмірі әлі алда ғой,- дейді түнгі ауысымдағы қызметін сәтті тапсырған  полиция аға лейтенанты Руслан Муксанов пен полиция лейтенанты Райымбек Кабылов.   Қазіргі күнде өмірмен қоштаспақ болған әйел дін аман. Аула тұрғындары өзіне қол салмақ болған азаматшаны құтқарған  патрульдік  полиция батальонының инспекторлары Р.Муксанов пен Р.Кабыловқа  қырағылық  танытқандары үшін  алғыстарын жеткізді.Аталған факт бойынша ҚР ҚК 105 бабы бойынша сотқа дейнгі тергеу басталды.Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/81267/

Читать источник astanatv.kz/kz/
Өткен жылы еліміздің стационарларында 3,4 млн-нан астам науқас емделді
Универсиада-2025: Қазақстандық хоккейшілердің ойын кестесі белгілі болды
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Қазақстандық құтқарушылар марапатталды
Өткен жылы еліміздің стационарларында 3,4 млн-нан астам науқас емделді
6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
700 млн теңге қолды болған: Шымкентте аудан әкімдігінің лауазымды тұлғасы сотталды
Түркістанда тұрмыстық қалдықтар полигондарының 65%-ы санитарлық талапқа сәйкес емес
Көлік Ертіске құлап кеткен: тірі қалған жалғыз жолаушы оқиға қалай болғанын айтты
Көктайғақ, тұман: синоптиктер бүгінгі ауа райына байланысты ескерту жасады
Бүгін Қазақстанның 10 қаласында ауа сапасы нашарлайды
Сирияда мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы 400%-ға көбейеді
Көкшетауда 4 жасар бала 39 магнит жұтып қойған
Өткен жылы елдегі стационарларда 3,4 млн астам пациент емделді
Әзербайжан ТЖМ қазақстандық құтқарушыларды марапаттады
Әлемдегі ең қарт адам қайтыс болды
Елордадағы емханаларда Face ID жүйесі енгізілді
“Бұл өнердің шегі жоқ“. Каллиграфия арқылы әлемдік брендтерге ұсыныс алған қазақ қызы
Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы қанша теңгеге өсті?
Жаңақорған ауданында 124 отбасы баспаналы болды
Қысқы Универсиадада Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар белгілі болды
Тұман, көктайғақ күтіледі: Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Универсиада-2025: Қазақстандық хоккейшілердің ойын кестесі белгілі болды