Әйел блефаропластика жасатамын деп бірнеше күннен бері есін жимаған

Ресейде әйел қабағын түзету үшін пластикалық ота жасатып, есін жоғалтты. Шетелдік басылымдардың хабалауынша, 36 жастағы Елена Пятигорск қалалық клиникалық ауруханасында блефаропластика жасатқан. Ол сәуір айында келіп, барлық қажетті анализ талдамаларын жасатып, денсаулығында отаға қарсы көрсетілімдер жоқ екенін анықтаған. 24 сәуірде ота жасайты кезде дәрігерлер бұл процедура екі сағатқа созылатынын түсіндірген. Жарты сағаттан кейін әйелдің жағдайы күрт нашарлаған. Оның қанның оттегімен қанығу деңгейі төмендеп, анафилактикалық шок басталып, жүрегі тоқтап қалды. Құжаттар бойынша дәрігерлер реанимациялық шаралар өткізіп, блефаропластиканы жалғастыра берген. Еленаның туыстарына дәрігерлер ештеңе болған жоқ деп сендірген. Денесінде құрысуларға байланысты дәрі-дәрмек комасына жатқызылғанын және көп ұзамай есін жиятынын айтқан. Бірақ Елена өз-өзіне келген жоқ. Елена бірінші дәрежелі комаға түскен. Қазір түтіктің көмегімен дем алып, тамақтанады. Миы белсенді емес. Еленаның туыстары бұған Пятигорск дәрігерлерін кінәлайды. Олардың айтуынша, ота жасаған пластикалық хирург Нина Сафонова мұның бәрін реанимациялық әрекеттерге жауапты анестезиолог-реаниматолог Наталья Чисманидиге ысырып қойған. Ал реаниматолог байланыс аясынан тыс жерде, хабарсыз кеткен. Әйелдің отбасы Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігіне және тергеу комитетіне жүгінді. Іс әлі тексеру сатысында.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Еліміздегі ардагерлік ұйымдар жастар тәрбиесіне басымдық беруде
Астанадағы даңғыл жартылай жабылды
Омбы-Майқапшағай трассасында жол апаты болды
Доллардың бүгінгі бағамы
 Талғар қаласының әкімі лауазымына үш үміткер таласып жатыр
Еркін елдің арманы асқақ, қадамы нық болады
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
Егемендік – халықтың ең қасиетті арманының орындалуы
ABC News жала жапқаны үшін Трампқа $15 млн төлейді
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті
Қарулы күштердің әскери қызметшісі Мәскеуден жеңіспен оралды
Алматыдағы әскери институтта Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті
ДСМ биыл алғаш рет «Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсын өткізді
ТЖМ құтқарушылары - ММА бойынша әлем чемпиондары
Алматыда XII Халықаралық «Бастау» кинофестивалі мәресіне жетті
Екібастұздық зейнеткер ауруханада 13 миллион теңгесінен қағылды
Грузияда мейрамхананың 12 қызметкері өлі табылды
Талғар қаласында әкім сайлауы өтіп жатыр
«Елімнің бақытын тербеген Тәуелсіздік»
Теміртауда алты жасар бала мұзға батып кетті
Ұлттық ұланның үздік әдіскерлері анықталды
Екібастұзда зейнеткер ауруханаға түсіп, 13 миллион теңге ақшасынан айырылды
2025 жылы Қазақстан халқын қандай оқиғалар күтіп тұр? Астролог болжамы
ҒЫЛЫМ – МӘҢГІЛІК МҰРА