Үндістанда күйеуі екі қызанақпен кешкі ас әзірлегені үшін әйелі қызын алып, үйінен кетіп қалған. Бұл жағдайға басты себеп қызанақ бағасының қымбаттауы болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі weekend.rambler.ru порталына сілтеме жасап хабарлайды.Шандол қаласындағы асхананың қожайыны Сандип Бурман журналистерге рұқсатсыз тамақты екі қызанақ қосып дайындағаны үшін әйелі қатты ренжіп, кетіп қалғанын айтты. Өзімен ақылдаспағанына қынжылған әйел кәмелетке толмаған қызымен бірге үйден шығып, ер адамды тастап кеткен. Бурман оларды табуға тырысқан. Бірақ таба алмай полицияға хабарласқан. Полиция Бирманның әйелі Аарти Бурманды табуға өтініш бергенін растады. Әйел Умария қаласындағы әпкесінің үйінен табылған. Полиция сондай-ақ ерлі-зайыптыларды сөйлесуге көндіре алғанын айтты. Олардың мәліметінше, Аарти Бурман үйіне қайтуға уәде берген. Жанжалға қызанақ бағасының өсуі басты себеп болған. Мұнда ұзақ жауған жаңбырдан кейін егін шықпай қалғандықтан қызанақ қымбаттаған.