Әйелдерге әйелдер қолдау көрсетуде

Қарағандылық әйелдер әйелдердің отбасылық мәселелерін шешуге белсене кірісіп жатыр. Қаладағы отбасын қолдау орталығында кілең нәзік жандылар жұмыс істейді. Олар өздері секілді азаматшаларға тегін психологиялық, құқықтық және әлеуметтік көмек көрсетіп қана қоймай демеушілер арқылы баспана алып бермекші. Екі- ақ апта бұрын ашылған отбасын қолдау орталығында жұмыс қызып тұр. Тұрғындар балабақшаға, баспанаға кезекке тұрудан бастап қарыз, ажырасу секілді сұрақтармен келеді. Ләззат Қожахметованың айтуынша тұрмыстық- зорлық зомбылық көбейіп, отбасы институты әлсіреген мына заманда көмекке мұқтаж әйел көп. Ләззәт ҚОЖАХМЕТОВА, ОТБАСЫН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:Күнінде Қарағанды қаласында 30-40 адам ажырасуға өтінім берсе, соның екеуі ғана өзінің өтінішін қайтып алады. +Қосылғанына үш- ақ ай болған, босанғанына 10-15 күн болған азаматтар көмекке мұқтаж. Алайда орталық әйел мүддесін қорғап қана қоймай бүкіл жанұя мүшелерімен жұмыс істейді. Орталықта ажырасуға келген ерлі-зайыптыларға ювеналды сотпен бірлесіп психологиялық диагностика жасалады. Медиация кабинетінде психологтар екі жақты татуласуға шақырады. Гүлмира АТЕНШИНА, ОТБАСЫН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК- ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:Отбасында, қасында, өмірінде ішкі дүниесін ашып сырласатын адам табылмаса осы жерге келеді. Отбасында олар көбісі сырын айта алмайды. Кеңесіп біткен соң олар өз өмірлеріне кішкене басқаша қарай бастайды. Мамандардың айтуынша казақстандықтардың тағы бір проблемасы ол- қалтаға карамай карыздану. Заңгерлер азаматтардың атынан банктерге хат жазып пайыздарын шегеруге тырысуда. Мадина ЖАППАРОВА, ОТБАСЫН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЗАҢГЕРІ:Микроқаржы ұйымдарынан несие алған азаматтар өте көп. Күннен күнге артып келе жатыр. Оның ішінде 20 жастағы студенттер де бар. Қазір мына қаржы сауаттылығын оқытып жатыр. Оны әр адам оқуға құқылы ақысыз. Әр адам оны үйрену керек. Үйде отырып та балаларымызға үйрету керекпіз. Екі аптада мұндағы заңгерлер мен психологтар, әлеуметтік мамандар 2 жүзге тарта тұрғынға көмектесті. Олар көпбалалы және мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар мен кедейлік шегіндегі жанұялар. Тіпті жәй ғана мотивация алуға келгендер де бар. Баян МҰХТАРОВА, ТҰРҒЫН:Орталық өте қажет деп ойлаймын. Мен осы орталық ашылғалы психологтарға кірдім, заңгерлерден көмек алдым. Өте көмектері тиді маған. Айта кетейік орталық қиын жағдайға тап болған әйелдер мен балаларды уақытша баспанаға орналастырады. Сонымен бірге демеушілер арқылы баспана алып бермекші Нәзік жандылардың мақсаты, әр қазақ отбасына татулық пен тыныштық сыйлау. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жазушы Мұхтар Мағауин қайтыс болды: Тоқаев отбасына көңіл айтты
Қазақстандықтар төлеп қойған салықтарының бір бөлігін қайтара алады
Қазақстанда -27°С-қа дейін суық, қар мен жаңбыр жауады деп күтіледі
Энергиялық тиімділік саласындағы ынтымақтастық: Қазақстандағы Dena өкілдерімен кездесу өтті
Энергетикалық сусынды көп тұтынған қазақ жігітінің аяқ-қолы ісіп кеткен
Елімізде -27°C-қа дейін күн суытады
Лос-Анджелесте өрт қоюшы күдікті ұсталды
ПАТОЛОГИЯСЫ БАР БАЛАЛАРҒА БІЛІКТІ КӨМЕК
Доллар бағамы тағы көтерілді
Тарихи алтын: Дінмұхаммед Райымқұлов фристайл-акробатикадан жеңімпаз атанды
Қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау – маңызы зор мамандық
Алматыда есептеу құралдары жоқ тұрғындарға суды тұтыну нормалары өзгерді
Енді елімізде дәрі QR-код арқылы беріледі
Президент Нұрлан Сауранбаевты қабылдады
Мектеп асханаларында тұз бен қант мөлшері азайтылады
Алматыда полиция есірткіге қарсы әлеуметтік жарнаманы шығарды
Криштиану Роналду 2026 жылғы Әлем чемпионатына қатысты жауап берді
Криштиану Роналду: Еурода ойнағым келеді
Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері өзгерді
Калифорниядағы Болашақ стипендиаттары қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырылды
Президент әлемге белгілі кәсіпкер және жасанды интеллект саласындағы сарапшы Ли Кай-Фуды қабылдады
Комментарийдің жазасы
Тоқаев Мағауиннің отбасына көңіл айтты
180 млн-нан 1,5 млрд теңгеге дейінгі шығындар: Қазақстанның ең тиімсіз мемлекеттік компаниялары