"Әйелдерге деген өшпенділік пайда болды": Актер Ерболат Әлқожа түсірілімнен кейін психологқа жүгінгенін жасырмады

Баян Алагөзованың продюсерлігімен түсірілген “Бақыт” фильмі көпшіліктің талқысына түскені, ұмытылмас әсер қалдырғаны даусыз. Кинода басты рөлдердің бірін сомдаған Ерболат Әлқожа “Әйел энергиясы” бағдарламасына берген сұхбатында кинодағы құпияларымен бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Актер атышулы фильмге қалай қабылданғанын бастан-аяқ баяндап берді.“Маған хабарласып, сценарийді жіберді. Мен оқып шықтым, сосын мен келістім ойнаймын деген кезде маған әйеліңнен сұрадың ба? деді. Мен тоқтап қалдым. Содан не керек, әйеліме сценарийді жібердім. Оқып болғаннан кейін маған ойнағың келе ме сенің деді. Иә, ойнағым келеді дедім. Ойна мынау жақсы кино деді. Мен оған кинода төсек сахналары болатынын айттым. Сценарийде былай жазылғанымен түсірілім алаңында одан да күрделі болуы мүмкін тіпті тыр жалаңыш шығуым да ғажап емес екенін ескерттім. Бірақ әйелім қарсылық танытпады", - дейді актер. Актердің айтуынша, аталмыш фильм ол үшін ауыр тиген. Ол рөлге сәйкес келгенімен, ішкіш кейіпкердің бейнесіне ену қиынға соққан көрінеді. "Кино өте ауыр. Біздің менталитетке қарама-қайшы, дегенімен бірақ біздің қоғамда орын алып жатқан оқиға. Менің ойнау қабілетім, барлығы түсірілім алаңында келіп тұрды. Дегенмен маған режиссер сен жақсы келіп тұрсың, бірақ түрің алқашқа ұқсамайды деді. Мен не істеуім керек бұл жағдайда? Сұрадым, кеңес алдым. Бірақ маған ішесің деді. Түсірілім алаңында ішіп жүруге тура келді. Мен негізі ішкенді ұнатпаймын. Кешкі сағат 9-10 шамасында келемін. Таңғы сағат 3-4-ке дейін ұйықтамаймын. Тәтті ұйқыға кеткенде олар мені 7-де оятып алады. Ол жерде менің ұйқым қанбаған, бетім ісіп кеткен, ішкенім де бар, көңіл-күйім жоқ", - дейді Ерболат Әлқожа. Туындының ауыр болғаны соншалық актер психолог маманның көмегіне жүгінуге мәжбүр болғанын айтады. “Шыны керек, дәл осындай сахналар маған өте ауыр тиді. Осымен екінші рет менің осылай ауыр сахналарды ойнап, образдан шыға алмай қалуым болды. Жасыратыны жоқ ешкімге айтпай, психологқа барып жүрдім. Тіпті осы фильмнен кейін бүкіл әйел адамдарға өшпенділік болды. Қыз-келіншектерді жек көре бастадым”, – дейді өнер иесі.

Читать источник astanatv.kz/kz/
ҰҚК операциясы: діни радикалдар ұсталды (суреттер)
Мемлекет басшысы БАӘ-дегі саммитте не айтты
2024 жылы бруцеллез бойынша қолайсыз пункттерді тіркеу 30%-ға төмендеді
Алматы әкімі автобус жүргізушісіне не үшін алғыс айтты?
«Қазақ титаны» 109 тонналық вагонды 8,5 метрге дейін сүйреген
Ғасыр соңына қарай тілдердің 20%-ға жуығы жойылады
Әрбір азамат қарыз алуға тыйым сала алады
2025 жылы еліміздің колледждерінде мемлекеттік тапсырыс 153 мың орынға дейін артады
Автомобиль көлігі мен көліктік бақылау комитеті шетелдік рұқсат бланктерін үйлестірудің жаңа механизмін түсіндірді
Харбинде өтетін Қысқы Азия ойындарының билеттері сатылымға шықты
Алматыда есірткі жарнамасы жойылды
Қарапайым ерлік
2024 жылы мүгедектігі бар адамдар агрегаторлар арқылы инватакси қызметіне 207 мыңнан астам тапсырыс берді
Елена Рыбакина Australian Open-2025 турнирін ірі жеңіспен бастады
Киберполицейлер шетелдік дропперді құрықтады
Алматыда 85 мыңнан астам оқушы жыл бойы музейлерге тегін кірген: бастама білім беру барысына қалай әсер етті
Түркістан облысының 1 млн тұрғыны ауыз сумен қамтамасыз етіледі
«Бекболат Тілеухан талақ айтты, менсінбеді»: журналист Мұхамеджан Тазабекті сынға алды
Үш қағида: Тоқаев Абу Даби саммитінде не ұсынды?
Ұлттық банк валюта айырбастау ережелерін өзгертеді
"Ұшақта адам құтқарамын деп ойламаппын". Студент жүрегі тоқтаған науқасты аман алып қалды
«Осы да мақтаныш па?». Гүлге 5 млн теңге жұмсаған Төреғалидің әкесі жұртқа жақпай қалды
Ақтаудағы ұшақ апаты: Әзірбайжан қаза болған стюардесса туралы фильм түсірмекші
Елімізде студент жастарға мемлекеттік қолдау артады