Әйелдің орны үйде ме, түзде ме?

Әйелдің орны үйде ме, түзде ме?

«Әйелдің орны – үйде. Қыз-келіншектерге жұмыс істеуге болмайды, түзде жүру – қыз балаға жат». Әлем сәт сайын өзгеріп жатса да, әлі күнге дейін осы пікірді ұстанатындар көп. Олар отанасының міндеті ас үйде тамақ істеп, бала мен күйеудің жағдайын жасау деп біледі. Ал, бір қолымен бесікті, екінші қолымен жұмыс істеп жүрген жандар мұнымен келіспейді. Осындай таптаурынның кесірінен зорлық-зомбылыққа ұшырайтын әйелдер саны көбейіп барады - дейді. Әйел құқығын қалай қорғаймыз? Аружан Задабектің материалы.Елімізде әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі – күн тәртібінде тұрған проблеманың бірі. Әсіресе пандемия тұсында оның әбден өршігенін көз көріп, құлақ естіді. Әйелдер бұл тақырыпты ашық айта алмайды. «Ұят болады», «жұрт не дейді» деп іштен тынады. Айгүл ҚҰСПАН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Бұл туралы Орталық Азияның әйелдері сөйлегісі келмейді. Бұл табу сияқты. Ол тақырыпты көтергісі келмейді. Бірақ оны көтеру керек. Елімізде жантүршігерлік жаңалықтарды көріп, естіп жатырмыз. Бұл мәселе біздің ғана емес, біраз елдің бас ауруына айналған. Түрлі шаралар қабылданып жатса да, «қатігездер» саны азаяр емес. Әлемде әрбір үшінші әйел зорлық-зомбылықтың құрбаны болады десем сенесіз бе? Жағаұстатарлық статистиканы БҰҰ жариялады. Сорақысы, олардың 40 проценті ғана бұл туралы ашып айтқан. Ал, салт-дәстүрі мен ұстанымы Қазақстанға ұқсас көрші Қырғызстанда әйел құқығы қалай қорғалады? Гулнор МАРУФОВА, ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫ СЕНАТЫНЫҢ МҮШЕСІ: Зорлық-зомбылыққа қатысты Қырғызстанда заң күшейді. Бізде 10 заң мен 58 кодекс осы бағытқа арналған. Балаларға, әйелдерге күш көрсеткендер жазөасын өтейді. Тәртібіне қарай ерте босату деген болмайды. Жазасын өтеп шыққаннан кейін білім беру саласында, балаларға қатысты мекемелерде жұмыс істей алмайды. Зорлық-зомбылыққа көбіне оқымаған әйелдер ұшырайды. Бұған полицейлер жүргізген сауалнама- дәлел. Осыдан келіп әйелдің орны үйде, оларға білім қуудың қажеті жоқ – дейміз. Әрине, отанасы үйдің берекесі екені даусыз. Бірақ, күнін тек ас үйде өткізу дұрыс емес – дейді мамандар. Айтуларынша, қыз-келіншектердің бойында әлемді төнкеріп жіберетіндей күш-қайрат пен ақыл-ой бар. Ал, оны дұрыс бағытта пайдаланбау күйзеліске ұшыратады. Әсем КЕНЖЕБЕК, КӘСІПКЕР: Біздің ауылдың қыздары, әйелдері ешқандай қаланың әйелдерінен қалып тұған жоқ. Оны өз көзімізбен көріп жатырмыз. Оларға кішкене ғана көмек беру керек. Цифровизация болсын, мемлекеттік программамен көмек болса, біздің қазақтың қыздары мықты! Елдегі халықтың 51 проценті – әйел. Қоғам үздіксіз даму процесіне түскелі ерлер мен әйелдер үшін норма саналатын құқықтар һәм міндеттер, дәлірек айтсақ, гендерлік рөлдер біраз түрленді. Сондықтан болар, қоғамда дәл осы тақырып қызу талқыға ұшырайды. Жүргізілген статистикалық деректерге сенсек, 2006 жылы Қазақстан гендерлік теңдік рейтингінде 32-орынды иеленіп, дамыған 30 елдің қатарына жақындаған. 15 жылды араға салып Қазақстан 80-орыннан бір-ақ шықты. Былтыр 65-орында болған. Элиза ФЕРНАНДЕС, «БҰҰ-ӘЙЕЛДЕР» ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ЕУРОПА ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ АЙМАҚТЫҚ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Әйелдер арасында шешілмеген мәселе көп. БҰҰ осындай күрделі тақырыптарды көтереді, шешу жолдарын іздейді. Тұрмыстық зорлық-зомбылық болсын, гендерлік теңсіздік осылардың барлығын назарда ұстаймыз. Гендерлік теңдік, әйел құқығын қорғау. Бұл мәселелер қашанда өзекті. Осылай деген Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қыз-келіншектердің ел дамуына қосып жүрген үлесі зор - дейді. Ерлан ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Президент Қасым-Жомарт Тоқаев гендерлік мәселеге ерекше назар аударады. Әйелді қорғау мәселесін жиі көтереді. Мемлекет басшысы үнемі елдің дамуына әйелдердің қосар үлесі зор екенін айтып отырады. Орталық Азияда әйелдер ақпараттық-коммуникациялық технологияларды әзірлеуге белсенді қатысып жатыр. Мысалы, олар «әйелдердің ісі емес» деген таптаурындарды жоққа шығарып жүр. Еңбекақы мәселесінде де айырмашылық бар. Ерлердің орташа жалақысы негізгі жұмыс топтарындағы әйелдерге қарағанда едәуір жоғары. Мысалы, ер басшылар әйел менеджерлеріне қарағанда 12 процент жоғары жалақы алады. «Кәсіби мамандар» тобындағы әйелдердің көп болуына қарамастан, олардың жалақысы ерлерге қарағанда 29 пайызға аз. Ең үлкен алшақтық «өнеркәсіп, құрылыс, көлік жұмысшылары» тобына тиесілі.

  Сырты бүтін» кітабының тұсаукесері өтті
Сырты бүтін» кітабының тұсаукесері өтті
  • aikyn
“Кей уағызшылардың көзін құрту керек“. Айқын Төлепбергеннің эксклюзив әңгімесі
“Кей уағызшылардың көзін құрту керек“. Айқын Төлепбергеннің эксклюзив әңгімесі
  • Massaget
Марқұм Шерзаттың жездесі де қамалды
Марқұм Шерзаттың жездесі де қамалды
  • aqshamnews
  Петропавлда екі адамнан шошқа тұмауы анықталды
Петропавлда екі адамнан шошқа тұмауы анықталды
  • aikyn
14 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
14 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
  • sn.kz
Илон Маск 439 млрд доллары бар алғашқы адам атанды
Илон Маск 439 млрд доллары бар алғашқы адам атанды
  • el.kz
Қызылордада мал ұрлығын кәсіп еткен қылмыстық топ қолға түсті
Қызылордада мал ұрлығын кәсіп еткен қылмыстық топ қолға түсті
  • turkystan
  Қар, тұман, жел: 12 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
Қар, тұман, жел: 12 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
  • aikyn
Тұман, боран: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Тұман, боран: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
  • baq.kz
“Кей уағызшылардың көзін құрту керек“. Айқын Төлепбергеннің эксклюзив әңгімесі
“Кей уағызшылардың көзін құрту керек“. Айқын Төлепбергеннің эксклюзив әңгімесі
  • Massaget
  Роботтар дәуірі басталды
Роботтар дәуірі басталды
  • aikyn
Екі баланы қатар сүндеттегенде жасалатын ырым бар ма?
Екі баланы қатар сүндеттегенде жасалатын ырым бар ма?
  • Massaget
  Қызылорда қысқа дайын болмағаны ма?
Қызылорда қысқа дайын болмағаны ма?
  • aikyn
Қызылорда облысында есірткі зертханасы жойылды
Қызылорда облысында есірткі зертханасы жойылды
  • baq.kz
  Әскерден неге қаштың, бала батыр?
Әскерден неге қаштың, бала батыр?
  • aikyn
Бүгін 13 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Бүгін 13 өңірде дауылды ескерту жарияланды
  • turkystan
Алматыда демалыс күндерінің жәрмеңкелері модернизацияланды
Алматыда демалыс күндерінің жәрмеңкелері модернизацияланды
  • baq.kz
  Күйдіргіден қауіп көп
Күйдіргіден қауіп көп
  • aikyn
Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
  • el.kz
Жел екпіні күшейеді: құтқарушылар елордалықтарға ескерту жасады
Жел екпіні күшейеді: құтқарушылар елордалықтарға ескерту жасады
  • turkystan
Қалжыңдаймын деп айыппұл арқаламаңыз: ІІМ ескерту жасады
Қалжыңдаймын деп айыппұл арқаламаңыз: ІІМ ескерту жасады
  • Massaget
  Нашақорлықпен күрес күшейді
Нашақорлықпен күрес күшейді
  • aikyn
  Қаншама зират көрдім, ішінде адамы жоқ...
Қаншама зират көрдім, ішінде адамы жоқ...
  • aikyn
Қазақстандықтар қай жемісті көбірек тұтынады
Қазақстандықтар қай жемісті көбірек тұтынады
  • el.kz
Қазақстандық жүзушілер әлем чемпионатында бақ сынады
Қазақстандық жүзушілер әлем чемпионатында бақ сынады
  • el.kz
«Төрешілерге наразы»: Қазақ боксшысы Азия чемпионатының марапаттау рәсіміне қатыспады (ВИДЕО)
«Төрешілерге наразы»: Қазақ боксшысы Азия чемпионатының марапаттау рәсіміне қатыспады (ВИДЕО)
  • sn.kz
Арсен Буранчиев келер маусымда «Қызылжардың» жейдесін киеді
Арсен Буранчиев келер маусымда «Қызылжардың» жейдесін киеді
  • aladop.kz
«Челси» қорғаушысы Дисаси: Академия түлектері берілген мүмкіндікті пайдалануы керек
«Челси» қорғаушысы Дисаси: Академия түлектері берілген мүмкіндікті пайдалануы керек
  • aladop.kz
"Біз нәтижелермен келіспейміз". Қазақстан құрамасының бас бапкері АЧ-2024 қорытындылады
"Біз нәтижелермен келіспейміз". Қазақстан құрамасының бас бапкері АЧ-2024 қорытындылады
  • penalty
Жалғас Жұмағұлов UFC-ге оралуға дайын (ВИДЕО)
Жалғас Жұмағұлов UFC-ге оралуға дайын (ВИДЕО)
  • penalty
Туған-туыстарым қалай деп алаңдап отыр – адвокаты Қаржаубайдың жай-күйі туралы айтты
Туған-туыстарым қалай деп алаңдап отыр – адвокаты Қаржаубайдың жай-күйі туралы айтты
  • qaz365.kz
Шерзат Полат ісіндегі екі әйел куәгер болып кетті – адвокат
Шерзат Полат ісіндегі екі әйел куәгер болып кетті – адвокат
  • qaz365.kz
Даниал Ахметов тағы бір қызметінен кетті: 11 желтоқсан 2024, 12:11 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Даниал Ахметов тағы бір қызметінен кетті: 11 желтоқсан 2024, 12:11 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Тоқаев Хромтауда студенттермен кездесті: 10 желтоқсан 2024, 14:43 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Тоқаев Хромтауда студенттермен кездесті: 10 желтоқсан 2024, 14:43 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Egov.kz-те жаңа қызмет пайда болды: 10 желтоқсан 2024, 14:29 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Egov.kz-те жаңа қызмет пайда болды: 10 желтоқсан 2024, 14:29 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Тоқаев Ақтөбе облысына барды: 10 желтоқсан 2024, 14:08 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Тоқаев Ақтөбе облысына барды: 10 желтоқсан 2024, 14:08 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Instagram-да қазақстандық музыка жоғалып кетті: Әділет министрлігі мен Meta келіссөздері: 06 желтоқсан 2024, 15:15 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Instagram-да қазақстандық музыка жоғалып кетті: Әділет министрлігі мен Meta келіссөздері: 06 желтоқсан 2024, 15:15 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу: не белгілі?: 04 желтоқсан 2024, 14:51 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу: не белгілі?: 04 желтоқсан 2024, 14:51 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
+7 (000). Қазақстан мен Ресей келісімге қол қойды: 28 қараша 2024, 12:32 - мақалалар Tengrinews.kz
+7 (000). Қазақстан мен Ресей келісімге қол қойды: 28 қараша 2024, 12:32 - мақалалар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Жолаушының ұшақ бортындағы оғаш әрекеті желі қолданушыларын ашуландырды: 28 қараша 2024, 09:29 - жаңалықтар Tengritravel.kz
Жолаушының ұшақ бортындағы оғаш әрекеті желі қолданушыларын ашуландырды: 28 қараша 2024, 09:29 - жаңалықтар Tengritravel.kz
  • TengriNews
«Түрмеге отырып шыққан адам бұрынғыдай болмайды»: Дана Есеева абақтыда отырған күйеуі туралы айтты
«Түрмеге отырып шыққан адам бұрынғыдай болмайды»: Дана Есеева абақтыда отырған күйеуі туралы айтты
  • sn.kz
«Жақсы көрген де жоқпын»: Мақпал Жүнісова марқұм Заманбек Нұрқаділовпен қалай некелескенін айтты
«Жақсы көрген де жоқпын»: Мақпал Жүнісова марқұм Заманбек Нұрқаділовпен қалай некелескенін айтты
  • sn.kz
«Тәуелсіздік ұрпақтары» байқауы мен «Дарын» сыйлығының жеңімпаздары анықталды
«Тәуелсіздік ұрпақтары» байқауы мен «Дарын» сыйлығының жеңімпаздары анықталды
  • el.kz
«Төрт баланың анасы, жалғыз»: Белгілі журналист Жұлдыз Әбдікәрімоваға қолдау білдірді (ВИДЕО)
«Төрт баланың анасы, жалғыз»: Белгілі журналист Жұлдыз Әбдікәрімоваға қолдау білдірді (ВИДЕО)
  • sn.kz
«Түрмеге отырып шыққан адам бұрынғыдай болмайды»: Дана Есеева абақтыда отырған күйеуі туралы айтты
«Түрмеге отырып шыққан адам бұрынғыдай болмайды»: Дана Есеева абақтыда отырған күйеуі туралы айтты
  • turkystan
«Зәкеңді жақсы көрген де жоқпын»: Мақпал Жүнісова күйеуге қорыққаннан шыққанын айтты
«Зәкеңді жақсы көрген де жоқпын»: Мақпал Жүнісова күйеуге қорыққаннан шыққанын айтты
  • turkystan
Екібастұзда күйік шалған 10 жастағы баланың ісін полицейлер тергеп жатыр
Екібастұзда күйік шалған 10 жастағы баланың ісін полицейлер тергеп жатыр
  • turkystan
«Қызындай көруі керек»: Мұхамеджан Тазабек ене мен келін тақырыбын қозғады
«Қызындай көруі керек»: Мұхамеджан Тазабек ене мен келін тақырыбын қозғады
  • turkystan