"Әйелім бар, тоқал бол" деді". Танымал әнші қыздар олигархтар қоқан-лоқы жасағанын айтты

Тараздан шыққан әншілер, "Әдемі-ай" дуеті "Менің өмірім" бағдарламасында сөз салып жүріп, кейін қоқан-лоқы жасаған олигархтар кездескенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.Әнші қыздардың бірінің сөзінше, тіпті осындай олигархтың бірі оларды концерттен, түсірілімнен қысқартуға нұсқау да берген."Көбі "қыздар ақшаға сатыла салады, қызығады" деп ойлайды. Бірақ біз ар-ұятты бірінші орынға қоямыз. Ғашық болған жігіттердің арасында олигарх жігіттер болған. "Барлығын көрсетемін, әлемді көрсетемін" деген. Қыз болған соң сеніп қаласың ғой. "Иә" деген кезде "менің әйелім бар, маған тоқал бол" дейді. Сол кезде бірден мінез көрсетіп, "сіздің ақшаңыз да маңызды емес, не деп тұрсыз" деп айтып тастаған кезде "жарайды, маған тоқал болмадың, бірақ ісім сенімен болсын, ертең концерттерде көрсетемін" дейтін тіс қайрайтын азамат болған. Ақшасы көп адамның қолы ұзын. Мен де қасарысып тұрып алғанмын", - дейді әнші.Тіпті дует мүшесі түсірілімнен кесіп тастайтын жағдай биылға дейін жалғасқанын жеткізді."Биылға дейін болып келді. Бес ақылы концерттің екіншісін көріп қойса, звондап, "алып тасатаңдар қыздарды" деген. Ертесіне "сіздерді концерттен алып тастады" деп звондайды. Біз "қалай алып тастады" дейміз. Себебін айтпайды. Әлі күнге дейін түсірілімде бұл нәрсе болып келе жатыр. Түсірілімнен кесіп тастайтын кезде "неге кесіп тастадыңыз бізді, қай жеріміз кем ана әншіден" дегенде, "так, бұл ана қаланың әкімінің екінші әйелі, ана кісі олигархтың қызы, депутаттың немересі, ол әншілер, ол ана кісінің тоқалы, сондықтан олар өтеді, сіздер өтпейсіздер" дейді. Біздің эстрадамызда тез танылып кету үшін тоқал болу керек, либо есі дұрыс емес бірнәрселерді айтып жүретін жынды болу керек, либо өте қалталы болу керек. Барлығына бірдей топырақ шашпаймын", - дейді әнші. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматылық педагогикалық әдіскер мамандар халықаралық тәжірибеден өтті
Қара жәшік Қазақстанға жетті
Қызылорда облысында полицейлер 6 миллион теңгенің ұрлығын ашты
Алдағы күндері Алматыны қандай ауа райы күтіп тұр?
Алматыда жасөспірім кімге оқ атты?
Қанат Әлжаппаров ащы шындықты айтып салды
Қазақстанда неге көліктің астын жылына кемі 1 рет жуу керек?
Интернет нарығы, қанша екен салығы?
«Жошы хан» елде түсіріледі
“Құрамында пластмассаның кішкентай бөлшектері бар“. Ең зиян шай аталды
Маңғыстауда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы іс-шаралар жалғасуда
Петропавлдағы ЖЭО-де апат болды
Жұрт жүрегіне жетер сөз
Алматыда қолайсыз метеожағдай күтіледі
Тұман, көктайғақ, бұрқасын: Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
Сыйлық пен параны қалай ажыратуға болады?
«Шатырдағы екеу» әлеуметтік ертегі емес
Көктайғақ, бұрқасын: 14 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Онлайндағы сауат опық жеуден сақтайды
Алматыда «Birlik» би ансамблі концерт өткізеді
Ақтөбе облысында аудандық ауруханаға жаңа жабдықтар жіберілді
Жарқын болашақ жолындағы сенімді серіктес
Астанада есірткіні насихаттайтын 200-ден астам сайт бұғатталды
Шайх-Хасан Жазықбаев, генерал-майор: Армияда жастарға үлгі болар азаматтар көп