Танымал актер әрі тележүргізуші Тәуекел Мүсілім әйелі Махаббатпен арадағы сезімі туралы айтып, "Оян" бағдарламасына сұхбат берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.Актердің айтуынша, оның адамға ғашық болуы қиын. Бірақ жұбайы Махаббатты көргенде, бірден ғашық болған."Мен негізі адамға тез ғашық болмаймын. Адамды таным-білу үшін уақыт керек. Алайда Махаббатты көргенде ерекше сезім болды. Оны бірден ұнаттым. Керемет сезім болды. Он балдық жүйемен есептейтін болсам, өзімнің қызғаншақтығыма он балл беремін. Қызғаншақпын. Әйелім де қызғаншақ, он балл. Бірақ біз оның барлығын шешіп алдық. Отбасылық өмірде адамның мінсіз еместігін түсіну керек. Барынша қолдау көрсету қажет. Ортақ идея болғаны дұрыс", - деді ол.Сондай-ақ Тәуекел әйеліне қаншалықты жиі сыйлық беріп тұратынын айтты."Мәһрге әшекей бұйым сұраған. Қалған кездері ол өте экономды қыз. Бірақ жағдайым болған сайын, оны сыйлықтармен қуантуға тырысамын. Күніне міндетті түрде сүйіп, еркелетемін. Бала кезімде бес балам болса деп армандайтынмын. Қазір екі баланың өзін бағу оңай еместігін түсіндім. Сондықтан үш балалы болып, соларды аяққа тұрғызсақ деген арманым бар", - деді Тәуекел.