"Әйелімді құшақта деді": Әнші Ұланғасыр Қами кең таралып жатқан видеоға қатысты пікір білдірді

Қазақ эстрадасындағы жаңа буынның көшін бастап тұрған әншінің бірі – Ұланғасыр Қами. Хит әндерімен көрермен жүрегін жаулаған әнші сынның да астында қалып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Ұйқым келмейді” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.“Менің бағытым – 80-90 жылдардағы сәнге айналған әндерді жаңғырту. “Қызыл раушан”, “Ямахау“ әндерім кеңінен таралып, халыққа ұнады. Сыртқы стилімді де сол бағытқа өзгерттім. Алғашында мұрт қойып жүрдім. Кейін мені 40 жастағы аға деп ойлады. Сосын мұртты алып тастап, шаш өсірдім. Осы имиджім өзіме ұнап қалды. Әйтпесе 25 жасқа енді толатын жас жігітпін”, – дейді әнші.Соңғы кезде өнер иесінің “Балқия” әні кең таралып жатыр. Әнші хит әнінің шығу тарихын айтып берді. “Раушандар шетке шығып, Балқиялар ортаға келді. Төрт ай бұрын шықса да, хит болғанына 20 күннің айналасы болды. Продюсерім Назерке келесі ән “Келінжандағы” Балқияға арналсын”, – деді. Сол кісінің ұсынысымен жаздық. Той- жиындарда “Раушанды” емес, “Балқияны” сұрайды. Соған қарағанда Балқияның бағы жанады-ау”, – деп әзілдеді өнер иесі. Сондай-ақ әнші, Tik-Тok желісінде кең тарап жатқан видеоға қатысты да пікір білдірді. “Тойда болған оқиға. Бұл кісі менің жанкүйерім екен. Осы кезде 10-шы рет менімен фотоға түсіп жатыр. Бір кезде әйелімді құшақта деп қолымды әйелінің иығына апарып жатыр. Ыңғайсыз жағдайға қалғаным рас. Жұрт жұлдыз аурумен ауырып кетті деп ойлайтын шығар. Ауырғаным рас, бірақ бұл жерде жұлдыз болғаным жоқ. Кейін той тарқап жатқанда осы ағамыз батасын беріп, сәттілік тілеп шығарып салды”, – деп түсіндірді әнші. Айта кетейік, қараша айының ортасында әнші жеке концертін өткізеді.  

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шымкенттік «Ордабасы» клубының бюджеті белгілі болды 
Бұрынғы президент «Ұлт әкесі» жаңа атаққа ие болды
Жамбыл облысында балабақша тәрбиешісі аяусыз өлтірілді
Қазақ радиосының сандуғашы Сауық Жақанова туралы кітаптың тұсаукесері өтеді
Бұрынғы президент «Ұлт әкесі» деген атаққа ие болды
Бұрынғы президент «Ұлт әкесі» жаңа атаққа ие болды
Қара жәшік Қазақстанға жетті
Жамбыл филармониясына – 90 жыл
Маңғыстау облысында алып сәби дүниеге келді
Астанада осы демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Астанада кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Ақтөбе облысында аудан ауруханасына жаңа жабдықтар берілді
Балжан Бидаш бұрынғы күйеуі Жахан Отарғалиевтің үйленуіне қатысты ойын айтты
Израиль мен ХАМАС қақтығысты тоқтатуға келісті - Reuters
Елордада 200-ге жуық мектеп оқушысы жұмысшы мамандығы бойынша диплом алады
Алматыда полиция бұзақыны қолға түсірді
Алан Құрманғалиев үстел теннисінен WTT Youth Contender турнирінің негізгі кезеңіне жолдама алды
Жітіқарада үйі өртеніп, бес баласынан айрылған әйел сотталды
«Қалағанынша бақытты болуға лайықты»: Балжан Бидаш экс-күйеуінің үйленуіне қатысты ойын айтты
Бір донор бірнеше адамның өмірін сақтап қала алады
Анастасия Городко Қазақстанға Универсиаданың екінші алтын медалін сыйлады
Қазақстан студенттері фристайл-могулдан Дүниежүзілік қысқы универсиадада үздік нәтиже көрсетті
Ақмола облысында 80 отбасы жаңа баспанаға қоныстанды
Ақмола облысында мас танысының атына заңсыз несие рәсімдеген күдікті ұсталды