Англияда өткен ғасырда ажырасу үшін өте көп күш, уақыт, қаражат қажет болған. Сол себепті ер адамдар ажырасудың орнына өз жарын өзге біреуге сатып отырған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.Ерлі-зайыптылар ажырасуға арыз беру үшін Парламентке барып, атаулы қызмет үшін 90 Фунт шығын төлеп отырған. Ал заңды түрде ажырасудың басты себептері - әйел тарапынан еріне деген құрметсіздік. Ер адамдар бұл процесті жеңілдету үшін жұбайын тауар ретінде газет бетіне жарнама беріп, сатып отырған. Тіптен сатып алушыға әйелінің мойнына қарғыбау салып, апаратын болған. Англияда сондай жолмен сатылған әйел адамның құны - екі фунт, ішімдік немесе молынан жайылған үстел. Мұндай жаға ұстатарлық жағдайда айласын асырған әйелдер де болған. Олар алдын ала көңілдес тауып, күйеуінен өзін сатып алуды ұйымдастырып отырған.