"Әйелімді ұшақпен алып қаштым". Айдар Тұрғамбек жарын не үшін көрсетпейтінін айтты

"Жігіттер" квартетінің әншісі Айдар Тұрғамбек "Қызықты weekend" бағдарламасында әйелін не үшін көрсетпейтінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.Оның айтуынша, жары көпшілік жерді ұнатпайды. Сол үшін де көрсетпейтінін айтты."Әйелім адам көп жерде жүргісі келмейді. Шымкенттегі өз туысқанының тойына әрең апардым. Суретке түсіргенді ұнатпайды. Негізі университетті қызылға бітірген. Қазір тағы бір оқу орынында оқып жатыр. Үйге қонақ келсе, әйелдермен бөлек отырады. Бүгінгі таңда 4 қызымыз бар. Үлкені 12-де, кішкентайымыз 1-де. Әйелім тамақты жақсы дайындайды. Бұдан бұрын Өзбекстанда тұрған. Сосын Қазақстанға көшіп келген. Палауды өте жақсы пісіреді", - деді ол.Айдарды болашақ жарымен қарындасы таныстырған."Үйленетін ниетім болып, қыз іздеп жүргенмін. Өзіміздің менталитетке сай келетін сол Жетісай, Сарыағаш жақ қой. Қарындасым бір қыздың суретін жіберді. Бірден көрдім де, ұнатып, кездестік. Алғашқы кездесуде жарты сағат сөйлесіп, бәрін айттым. Сөйтіп, үш-ақ рет кездесіп, некеге тұрдық. Оны тіпті ұшақпен алып қаштым. Қызық болған. Шымкенттегі шақырылған тойға әншілермен бірге жалдамалы ұшақпен бардық. Барғаннан соң келіншегімді үйден шығарып алдым да, кешке кететінімізді айттым. Сөйтіп, той біткен соң, әншілермен бірге екеуміз ұшақпен қайттық. Бірақ мұны әріптестеріме айтпадым. Ертесіне неке қидық. Есімі - Айгерім. Екеуміздің арамыз 7 жас. Мәһрге Құран сұрады. Ол кезде телефонмен сөйлескен сайын, соны сұрауға дайындадым десем де болады. Себебі "ана досым үйленіпті, әйелі күшті екен, мәһрге Құран сұрапты" деп жиі айтатынмын", - деді әнші.Өнер иесінің айтуынша, бастапқыда жары әншіні қызғанған."Басында Айгерім мені қызғанатын. Кейін бәрін іспен дәлелдегесін сенді. Өзі ұнатқан кез келген сыйлықты алып бердім. Оның ішінде телефон, үй ішінің техникалары бар. Бұйырса көлік алып беретін ниет бар. Қыздарымның ішінде әзірге өнерге жақын ешқайсысы жоқ. Бірақ әншілікті таңдауына қарсы болар едім. Қыз балаға лайық мамандық емес", - деді ол.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Шешім журналистикасының зертханасы» жобасына өтінімдерді қабылдау басталды
Алматы әкімдігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің сыртқы талдау нәтижелері қорытындыланды
Миллион долларға жуық ақшаны алып кеткен: Бішкекте тонау оқиғасы видеоға түсіп қалды: 12 желтоқсан 2024, 10:51 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Әкесі жақсы қандайды
Алматы әкімдігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің сыртқы талдау нәтижелері қорытындыланды
«Никольский» базарын шетелдіктерге сатып жібермек болғандар ұсталды
COVID-19 вирусы күллі әлем бойынша жеті млн-нан аса адамның өмірін жалмаған
Алматыда танымал дзюдошы Асхат Жіткеев сотталғандармен кездесті
Қазақ боксы өзбектен бір саты төмен тұр
Отандық дизайнер алматылық жастарға қолдау көрсетуде
Наурызбай ауданы қалай өзгеруде: аулаларды абаттандырудан бастап замануи жаяу жүргіншілер аймақтарына дейін
Өмірдің мәні неде?
Енді су үнемдейтін технологияларды пайдаланатын дихандар суармалы суға аз төлейді
Пластиктен сабын жасауға болады
Асату...
Теңгеден күш кетті...
Масктың байлығы 400 миллиард доллардан асты!
Алматыда «Экологиядағы инклюзия – Жаңа жылдық ғажайып» акциясы жалғасуда
Электрондық еңбек биржасында белсенділік төмендеген
Алматыда 12 желтоқсанда Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесінде қозғалыс шектеледі
Қуысқа қыстырылып қалған тиін...
Астаналық әйел Жұлдыз Әбдікәрімованы сотқа берді
Жыл қорытындысы: Өнеркәсіптік жаңғырту және отандық өндірушілерді қолдау – экономикалық тұрақты өсудің негізі 
Ұлытау облысында жаңа мектеп салуға 1,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді