Әйелін бірнеше рет пышақтаған оралдыққа іздеу салынды. БҚО, Бәйтерек ауданын 33 жастағы тұрғынының неліктен мұндай қылмыс жасағаны белгісіз. Ол келіншегіне ауылдағы кафелердің бірінің жанында пышақ сілтеп, бірден ізін суытыпты. Қазір жәбірленуші Бәйтерек ауданының орталық ауруханасында емделіп жатыр. Күдіктінің жүрген жерлерін анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Күдіктіні іздеуге және анықтауға полицияның барлық күштері мен құралдары жұмылдырылған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 24-бабы 3 бөлігі, 99-бабы 1-бөлігі (Кісі өлтіруге оқталу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.