Әйелін тірідей өртеп, енді балаларынан кешірім сұрап жүр

Астанада әйелін тірідей өртеп жіберген ер адам балаларынан кешірім сұраған. Бүгінде ол Семейде аралас режимдегі колонияда жазасын өтеп жатыр. Колония қызметкерлері ер адамның қазіргі психологиялық жай-күйі туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.Жантүршігерлік оқиға 2015 жылы болған еді. Сол жылы мамыр айында ер адам мектептің маңында әйелін аңдыған. Бұрынғы әйелімен ұрсысып қалғаннан кейін оған бензин төгіп, өртеп жіберген. Әйел адам алған жарақаттардан қайтыс болды. Марқұм әйелдің полицияға жазған бұрынғы арызында күйеуі өзі мен үлкен ұлын өлтірем деп үнемі қорқытатыны айтылған.Ер адам қылмысты жасағаннан кейін қашып кеткен. Алайда ол бірнеше айдан соң ағасының үйіндегі жертөледен табылған еді. Ер адам сот үкімімен 18 жылға бас бостандығынан айырылған. Төрт баланы асырауды марқұм әйелдің анасы өз мойнына алған."Ер адаммен кездесуге ағасы мен әкесі келіп тұрады. Бәрін сол кісілерден біліп отырмыз. Жанындағы психологтарға да жағдайын айтады. Бірақ психологтар бізге бәрін айта алмайды. Алайда мекеменің психолог мамандары сотталушымен көп жұмыс істеген. Қазіргі жағдайы жақсы. Бұрынғыдай емес, жұмыс істеп, есін жинай бастады", - дейді Абай облыстық колонияның баспасөз қызметінің өкілі Жанар Смағұлова Massaget.kz тілшісіне.  Ол сотталушының псхологиялық жай-күйінің өзгеруі оның жазасын өтеу мерзіміне әсет етпейтінін айтады. "18 жылға сотталды. Оның 8 жылы өтті. Қалған 10 жылы қысқармайды. Сотталушы онсыз да үшінші оң дәрежеде отыр. Ол кісі мекеменің ішіндегі шараларға қатыса бастады", - дейді ведомство өкілі. Айта кетейік, төрт баланың жалғыз асыраушысы - аналары еді. Жетім қалған төрт бала нағашы әжелерінің қарауына өткен. Себебі сот кінәлі ер адамды әкелік құқығынан айырып, балаларына 11 миллион теңге материалдық шығын өтеуді міндеттеген. Алайда 2017 жылы, яғни ер адам сотталғаннан кейін екі жылдан соң балалары бір тиын да алмағаны туралы хабар тараған еді.   

Читать источник astanatv.kz/kz/
ТЖМ қызметкерлері Қарағандыда өрт кезінде 6 адамды құтқарды
Алматыда «баррамунди» экзотикалық балық түрі өсіріледі
2025 жыл қандай болмақ?
Адам қанша литр шай ішкеннен кейін өліп кетуі мүмкін?
ТЖМ қызметкерлері Қарағандыда өрт кезінде 6 адамды құтқарды
Қан тамырлар саулығы: рационға қосу керек топ-8 өнім
2025 жыл қандай болмақ?
Алматыда «баррамунди» экзотикалық балық түрі өсіріледі
Құрмамен бірге жеуге болмайтын өнімдер аталды
“Қанды желтоқсанның сызы әлі байқалады”: желтоқсан оқиғасына қатысқандар не дейді?
Өскеменде бір ай бұрын жоғалған 19 жастағы қыздың денесі табылды
Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Астанада Бибігүл Төлегенованың 95 жасқа толуына орай салтанатты концерт өтті
Есте сақтау қабілетін жақсартатын ең оңай тәсіл белгілі болды
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Алматы облысына барды
«Көзімнің тірісінде күйеуге шыққанын көргім келеді»: Мақпал Жүнісова арманын айтты
Алматыға жақын маңда жер сілкінді
ММА-дан әлем чемпионаты: Ақтөбелік полицей финалда техникалық нокаутпен жеңіске жетті
Алматыдан 88 шақырым аумақта жер сілкінді
Алматы маңында жер сілкінді
Алматыдан 88 шақырым жерде жер сілкінді
Ер адамдар неге көзге шөп салады? Психолог жауабы
Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден Олимпиадаға іріктеу кезеңін жеңіспен аяқтады
Ақмола облысында тұрғын үй өртенді