Әйеліне қол көтергендер сотталып, педофилдер өмірбойы бас бостандығынан айырылады

Әйеліне қол көтергендер сотталып, педофилдер өмірбойы бас бостандығынан айырылады

Енді әйеліне қол көтергендер 8 жылға сотталады, педофилдер өмірбойына бас бостандығынан айырылады. Суицидке итермелегендер, балаларды қорқытып-үркітіп, кибербуллинг жасайтындар қатаң жазаланады. Мәжіліс әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған Заң жобасын мақұлдады. Қазақстанда жылына шамамен 80 әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықтан көз жұмады. Әрбір 3-ші қазақстандық әйел тұрмыстан теперіш, жарынан жұдырық көріп келеді. Күніне полицияға көмек сұраған 300 қоңырау соғылады. Жұлдыз СҮЛЕЙМЕНОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Ұрып-соғу бабы да бұған дейін әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте болған, енді бұл қылмыстық кодекске енгізіліп отыр. Сонымен қатар азаптауға байланысты да жаңа норма бар. 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Ал суицидке дейін жеткізсе 5 жылдан 9 жылға дейін қамалады. Жаңа заңда адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргендер 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Бұл баптар тек әйел немесе бала құқығын қорғаумен қатар, барлық құқығы бұзылған, денсаулықтарына қасақана жеңіл зиян келтірілген және ұрып-соғуға тап болған барлық азаматтардың құқығын қорғауға бағытталады. Негізгі мақсат – құқық бұзушылықтар болмауы үшін, азаматтардың жауапкершілігін күшейту. Ашуын келіп баладан алатын, бей-берекет сабап, отбасының берекесін қашыратындар бала-шағасымен бірге тұра алмайды. Бұл шаңырақты шайқалтуға емес, жазатайым жағдайлардың алдын алуға көмектеседі дейді депутаттар. Яғни, заң аясында отбасы институты нығайтылмақ. Дәулет МҰҚАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Өзіміз де әкенің тәрбиесін көріп өскенбіз. Әкенің қабағы деген өте маңызды нәрсе. Сондықтан кейде тәртіпке салу керек. Бірақ ол жердегі ұрып-соғу деген бір жерін сындыру, бір жерін қанату, көгерту емес. Бәрі-бір де біз баланы ұрмай тәрбиелеуге келе жатырмыз ғой енді. Келуіміз керек деп есептеймін. Мәжіліс қабырғасында ер азаматтардың құқығы мен абыройына алаңдаған депутаттар да табылды. "Ананы қорғайтын заң, әкені сүмелекке айналдырмайды ма?" деген пікірлер қалыс қалмады. Ермұрат БАПИ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: Әкелерді бұл заңмен сүмірейтіп жіберген жоқпыз ба? Осы залдағылардың көбі "Әкең келсін, сазайыңды береді" деген тәрбиемен өстік қой. Осы тұрғыдан келгенде сіз қалай ойлайсыз? Ер азаматтың рөлін көтеру үшін бәлкім, Отағасы туралы заң қабылдауымыз керек шығар? Бір қатар депутат қол шапалақтап, Ермұрат Бапиді қолдайтындарын білдірді. Бірақ Жұлдыз Сүлейменова бұл заңда әйелдер мен балалардың құқығын қорғау көзделгенін, Конституцияда ер мен әйел бөлінбейтінін айтты. Жұлдыз СҮЛЕЙМЕНОВА , Р ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Бұл заң жалпы бүкіл азаматтарымызға, оның ішінде мына соңғы кездері әйелдің өлімі орын алған кездегі тұрмыстық вандализмның алдын алуға, болдырмауға арналып отырған заң жобасы. Бұл қажет деп білеміз. Қоғам мына жаза күшейгеннен кейін жұдырық алып жүгіруін ойланады деп ойлаймыз. Азғындық та азаймай қойды. Соңғы 2 жылда балаларға 5 мыңға жуық жыныстық зорлық жасалған. Бүлдіршіндердің болашағына балта шабатындар енді өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Енді жаңа заң бойынша педофилдер түрмеден ешқашан шыға алмайды. Сондай-ақ өтелмеген жаза мерзімі қысқартылмайды немесе жазаның жұмсақтау түрімен ауыстырылмайды. Педофилдер рақымшылық ала алмайды. Оған қоса, енді балаларға қарсы жасалған аяусыз, ауыр қылмыстар бойынша бітімгершілік қарастырылмайды. Статистикаға жүгінсек, көбінесе әйелдер мен балалар зорлық-зомбылыққа жиі ұшырайды. Қазақстанда жыл сайын тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарынан жүздеген адам көз жұмады. Бұл мәселеге орай Президент жазаның қатаң болуын қолдайтынын айтқан болатын. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Мен елімізде «заң мен тәртіп» қағи¬датының орныға түскенін қалай¬мын. Сондықтан нақты жауап бере¬йін, тұрмыстық зорлық-зомбы¬лыққа қатысты жазаны қатайтуды толық қолдаймын. Біз заңсыздық пен қатыгездікке бір кісідей, батыл қарсы тұруымыз қажет. Сондай-ақ қоғам нормалар мен ережелердің және жалпы адамзатқа ортақ құндылықтардың аяқасты болуын қатаң айыптап, онымен бірлесе күресуі керек. Заң жобасының жекелеген нормалары әлі де май шаммен қаралып, талқыланады және бұл ретте зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің ешқалай түсіндірілмейтінін және ақталмайтынын есте ұстаған жөн. Осы тұрғыда, балалар омбудсмені зорлық-зомбылықтың әр көрсеткішінің артында бала мен оның анасының өмірі тұрғанын айтады. Динара ЗӘКИЕВА, ҚР БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІ: Бүгін Президент тапсырмасымен мемлекеттік органдармен, депутаттармен және ҮЕҰ-ның қатысуымен бірнеше ай бойы жұмыс істеген әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң жобасы бірінші оқылымда қабылданды. Жыл басында Мемлекет басшысы зорлық-зомбылыққа қарсы күрестегі ең маңызды қағидат — қоғамда бұл зұлымдыққа нөлдік төзімділікті дамытуды атап өтті. Осы постулаттың іске асырылуы зорлық-зомбылық үшін жазаның бұлтартпаушылық қағидатын қамтамасыз ететін осы Заң жобасы бола алады. Мақұлданған заң жобасы барлық құқығы бұзылған, денсаулықтарына қасақана зиян келтірілген және ұрып-соғуға тап болған барлық азаматтардың құқығын қорғауға бағытталған. Жазаның күшейтілуін халықтың дені қолдайды. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Маскүнемдікке ұрынып, әйелін жиі ұрып-соғатын болса, мен әйел жағына келісем. Әйел адам - отана, үйдің барлық тауқыметі әйелде болады. Сондықтан да мен әйел адамды жақтаймын. - Әйелді ұрғанды қолдамаймын, енді соттай ма, соттамай ма, оны семейный проблема болған соң, әркім өзі шешеді деп ойлаймын. - Баланы ұрмау керек. Әйелді де ұрмау керек. Әрине, дұрыс заң күшіне енгені. Көп зардап шегіп жатқан әйелдер бар ғой. Солардың құқығы қорғалмай жатыр, баланың да. Ата-ана жауапты ғой, егер бала зардап шексе. - Әйел мен ердің арасындағы, күйеуі ұруы деген сияқтыларға қолдаймын қатаң заң болса. Әділдік болады деп ойлаймын. Енді заң қатты қатал болып күшейіп жатса, ондай азаяды деп ойлаймын. Сондай-ақ Заң жобасында тирандарды мәжбүрлі түрде психологиялық түзетуден өткізу қарастырылған. Бас тартса абақтыға қамалады.

Миллион долларға жуық ақшаны алып кеткен: Бішкекте тонау оқиғасы видеоға түсіп қалды: 12 желтоқсан 2024, 10:51 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Миллион долларға жуық ақшаны алып кеткен: Бішкекте тонау оқиғасы видеоға түсіп қалды: 12 желтоқсан 2024, 10:51 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Солтүстік Қазақстанда екі адамнан шошқа тұмауы анықталды
Солтүстік Қазақстанда екі адамнан шошқа тұмауы анықталды
  • turkystan
Алматының №29 қалалық емханасында аудиологиялық скринингтік кабинет ашылды
Алматының №29 қалалық емханасында аудиологиялық скринингтік кабинет ашылды
  • almaty_tv
Алматыда «Француз үйі» ТҮК сүріліп жатыр
Алматыда «Француз үйі» ТҮК сүріліп жатыр
  • aqshamnews
Халықаралық жасөспірімдер арасындағы жаратылыстану-ғылыми олимпиадасында қазақстандық оқушылар 100% нәтиже көрсетті
Халықаралық жасөспірімдер арасындағы жаратылыстану-ғылыми олимпиадасында қазақстандық оқушылар 100% нәтиже көрсетті
  • aqshamnews
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысына барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысына барды
  • aqshamnews
Алматыда жаңа автобус бағыты ашылады
Алматыда жаңа автобус бағыты ашылады
  • aqshamnews
Олжас Бектенов Мәскеуде ТМД үкіметтері басшылары кеңесі отырысына қатысты
Олжас Бектенов Мәскеуде ТМД үкіметтері басшылары кеңесі отырысына қатысты
  • aqshamnews
Доллар тағы қымбаттады
Доллар тағы қымбаттады
  • aqshamnews
Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионаты алдында екі жолдастық кездесу өткізеді
Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионаты алдында екі жолдастық кездесу өткізеді
  • aqshamnews
Республикалық автожолдардағы ауа райы туралы мәлімет жарияланды
Республикалық автожолдардағы ауа райы туралы мәлімет жарияланды
  • aqshamnews
№29 қалалық емханада аудиологиялық скринингтің  кабинет ашылды
№29 қалалық емханада аудиологиялық скринингтің кабинет ашылды
  • aqshamnews
Алатауды әуелеткен күй ғұмыр
Алатауды әуелеткен күй ғұмыр
  • aqshamnews
Қазақ циркінің жұлдыздары халықаралық фестивальде Алтын жүлде иеленді
Қазақ циркінің жұлдыздары халықаралық фестивальде Алтын жүлде иеленді
  • aqshamnews
Қазақстанда жауапсыз жұмыс берушілердің тізімі пайда болады
Қазақстанда жауапсыз жұмыс берушілердің тізімі пайда болады
  • aqshamnews
Алматыда Тәуелсіздік күні қандай іс-шаралар өтеді
Алматыда Тәуелсіздік күні қандай іс-шаралар өтеді
  • aqshamnews
Көз жанарының сақшысы
Көз жанарының сақшысы
  • aqshamnews
Алматыда «Наркостоп» жобасының 2024 жылғы қорытындысы жасалды
Алматыда «Наркостоп» жобасының 2024 жылғы қорытындысы жасалды
  • aqshamnews
Алматы әуежайы жаңа тарифтерді жариялады
Алматы әуежайы жаңа тарифтерді жариялады
  • aqshamnews
Трамп Си Цзиньпинді инаугурациясына шақырды
Трамп Си Цзиньпинді инаугурациясына шақырды
  • aqshamnews
Қазақстанда цифрлық техника бағасы аспанға ұшты
Қазақстанда цифрлық техника бағасы аспанға ұшты
  • aqshamnews
Амилай қамауға алынды
Амилай қамауға алынды
  • aqshamnews
Қаржаубай неге қаралды?
Қаржаубай неге қаралды?
  • aqshamnews
Қаржаубай неге қамалды?
Қаржаубай неге қамалды?
  • aqshamnews
Рахмоновтың менеджері UFC-дің чемпиондығы үшін айқастың уақыты жайлы айтты
Рахмоновтың менеджері UFC-дің чемпиондығы үшін айқастың уақыты жайлы айтты
  • Vesti
«Астана» - «Челси» кездесуінің  қандай есеппен аяқталатыны айтылды
«Астана» - «Челси» кездесуінің қандай есеппен аяқталатыны айтылды
  • aladop.kz
Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде екінші орынға көтерілді
Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде екінші орынға көтерілді
  • turkystan
Қазақстандық жас теннисшілер 2025 жылды Аустралияда бастайды
Қазақстандық жас теннисшілер 2025 жылды Аустралияда бастайды
  • bassport.kz
Президент жұмыс сапарымен Жетісу облысына барды
Президент жұмыс сапарымен Жетісу облысына барды
  • almaty_tv
Атырауда жылу трассасы маңынан екі адамның денесі табылды
Атырауда жылу трассасы маңынан екі адамның денесі табылды
  • qaz365.kz
Шындықтың беті ашылды. Әлімханұлы чемпиондармен неге айқаса алмады?
Шындықтың беті ашылды. Әлімханұлы чемпиондармен неге айқаса алмады?
  • penalty
Желіде Алматы метросындағы жігіттің рельске құлаған сәті бейнеленген видео тарады
Желіде Алматы метросындағы жігіттің рельске құлаған сәті бейнеленген видео тарады
  • qaz365.kz
Тоқаев Жетісу облысына барды: 12 желтоқсан 2024, 16:32 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Тоқаев Жетісу облысына барды: 12 желтоқсан 2024, 16:32 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Тоқаев Ресейдің Федерация кеңесі төрағасымен кездесті: 12 желтоқсан 2024, 14:40 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Тоқаев Ресейдің Федерация кеңесі төрағасымен кездесті: 12 желтоқсан 2024, 14:40 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Сабыр Есімбеков Жапониядағы елші қызметінен босатылды: 12 желтоқсан 2024, 09:56 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Сабыр Есімбеков Жапониядағы елші қызметінен босатылды: 12 желтоқсан 2024, 09:56 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Қайтарылған активтерден тағы 1,2 миллиард теңге қайда жұмсалатыны белгілі болды: 12 желтоқсан 2024, 09:33 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Қайтарылған активтерден тағы 1,2 миллиард теңге қайда жұмсалатыны белгілі болды: 12 желтоқсан 2024, 09:33 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Instagram-да қазақстандық музыка жоғалып кетті: Әділет министрлігі мен Meta келіссөздері: 06 желтоқсан 2024, 15:15 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Instagram-да қазақстандық музыка жоғалып кетті: Әділет министрлігі мен Meta келіссөздері: 06 желтоқсан 2024, 15:15 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу: не белгілі?: 04 желтоқсан 2024, 14:51 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу: не белгілі?: 04 желтоқсан 2024, 14:51 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
+7 (000). Қазақстан мен Ресей келісімге қол қойды: 28 қараша 2024, 12:32 - мақалалар Tengrinews.kz
+7 (000). Қазақстан мен Ресей келісімге қол қойды: 28 қараша 2024, 12:32 - мақалалар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Жолаушының ұшақ бортындағы оғаш әрекеті желі қолданушыларын ашуландырды: 28 қараша 2024, 09:29 - жаңалықтар Tengritravel.kz
Жолаушының ұшақ бортындағы оғаш әрекеті желі қолданушыларын ашуландырды: 28 қараша 2024, 09:29 - жаңалықтар Tengritravel.kz
  • TengriNews
«Апасының қасынан қалмайды»: Құралай Анарбекова өзінен 9 жас кіші блогермен көзге түсті (ВИДЕО)
«Апасының қасынан қалмайды»: Құралай Анарбекова өзінен 9 жас кіші блогермен көзге түсті (ВИДЕО)
  • sn.kz
«Ажырасу – жеңіліс емес»: Әсел Сәдуақасова ел күтпеген мәлімдеме жасады
«Ажырасу – жеңіліс емес»: Әсел Сәдуақасова ел күтпеген мәлімдеме жасады
  • sn.kz
«Көйлекті бір түнде тікті»: Мәдина Сәдуақасова тағы елді аузына қаратты (ВИДЕО)
«Көйлекті бір түнде тікті»: Мәдина Сәдуақасова тағы елді аузына қаратты (ВИДЕО)
  • sn.kz
«Ажырасу процесінде екенін айтты»: Жұлдыз Әбдікәрімованы сотқа берген тұрғын бәрін жайып салды
«Ажырасу процесінде екенін айтты»: Жұлдыз Әбдікәрімованы сотқа берген тұрғын бәрін жайып салды
  • sn.kz
Жаңа жыл мерекесінде ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді
Жаңа жыл мерекесінде ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді
  • almaty_tv
Шымкентте 2 мектепке KiVa бағдарламасы орнатылды
Шымкентте 2 мектепке KiVa бағдарламасы орнатылды
  • almaty_tv
Алматыда Тәуелсіздік күні қандай іс-шаралар өтеді
Алматыда Тәуелсіздік күні қандай іс-шаралар өтеді
  • halyq-uni
Қарағандыда лудоман өзгенің 14 млн теңгесін ұрлап, құмар ойынға салып жіберген
Қарағандыда лудоман өзгенің 14 млн теңгесін ұрлап, құмар ойынға салып жіберген
  • almaty_tv