Жақында ғана шаңырақ көтеріп, келіншегімен Қытайға аттанған Заңғар Нұртас халықтың қызу талқысына қалды. Желіде оның басқа арумен билеп жүрген видеосы тарап кетті. Заңғар Нұртас пен Индира Мәуленова Алматыда үйлену тойы дүркіретіп өткізіп, артынан Қытайға ұшып кетті. Жас жұбайлар бұл сапарға жұмыс бабымен барғанын айтты. Ерлі-зайыпты бүгінде Instagram желісінде күнделікті фото мен видео жариялап, Қытай елінде не істеп жүргенін белсенді түрде бөлісуде. Желіде тараған бейнежазбалардың бірінде олардың достарымен мейрамханада отырғанын көруге болады. Артынан Заңғар Нұртас ортаға шығып, әйелінің көзінше басқа арумен билеп кеткен. Бұл сәтті жас әншінің достары камераға түсіріп алыпты. Қайрат Нұртастың інісінің бұл әрекеті желіде бірден қызу талқы тудырды. Бірі Заңғар Нұртасты сынға алса, енді бірі оны әзіл ретінде қабылдаған. "Билей берсін. Онда тұрған не бар", "Келіншегі қызғанып қалған секілді", "Күлсе де, ар жағынан қызғанып отыр", "Жас кезінде неге билемеске?", "Ұялмайды ма? Үйленгені кеше ғана", "Әйелінің көзінше басқа қызбен билеген қалай сонда?" - , деп жазуда оқырмандар.