Отандық танымал актиса әрі блогер Айжан Байзақова екінші перзентін дүниеге әкелді. Желі жұлдызы тағы да ұлды болған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазды. Қуанышты жаңалықты жұлдызды ананың өзі Instagram желісінде бөліскен. Ол перзентханада баласымен түскен видеосын жариялап, елден сүйінші сұрады. "Құттықтауларыңызды қабылдауға дайынбыз. Кеше, 28 қарашада екінші ұлымды босандым. Босануым жеңіл болу үшін барын салып атсалысқан ақ халаттыларға алғыс айтамын. Аллаға шүкір, бәрі жақсы өтті", - деп жазды Байзақова. Айта кетейік, бұл Айжан Байзақованың екінші ұлы, ал күйеуі Арыстан Нұрбектің тұңғышы болды. Блогер арудың басқа ер азаматтан туған Алан есімді үлкен ұлы бар.