Блогер Айжан Байзақова бірнеше күн бұрын екінші ұлын өмірге әкелді. Перзентханадан шыққан ол тұңғышы мен жаңа туған нәрестенің алғаш кездескен сәтін көпшілікке көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ. "Алан мен Асадулланың алғашқы кездесуі. Есімді Нұрбектің әкесі таңдады. Бізге де бұл есім ұнады. "Алланың арыстаны" деген мағынаны береді", - деп жазды Айжан Байзақова Instagram парақшасында. Сонымен қатар блогер видео арқылы ұлдарының алғаш кездескен сәтіндегі сезімін көрсетті. Видеодан Байзақованың тұңғышы жаңа туған нәрестенің қолынан ұстап, бетінен сүйген сәтін байқауға болады. Ал желі қолданушылары блогердің отбасына бар жақсылықты тілеп, жылы лебізін білдірген. "Бақытты болыңыздар", "Бауы берік болсын", "Қандай керемет сәт", "Есімі ерекше екен", - деп пікір білдірді желідегілер.