Несиені көбіне Астана, Түркістан және Жамбыл облыстарының тұрғындары алады. Айлығының аздығына қарамай жоғары соммаға микрокредиттерді көп алады. Ал Солтүстік өңірдегі қазақтар несие алмауға тырысады екен, деп хабарлайды Zakon.kz.Zaimer.kz қарыз алушылардың тұтынушылық мінез-құлқына жүргізілген бақылауларға сәйкес, Астанада қысқа мерзімді шағын несиенің орташа соммасы 62,9 мың теңгені құрайды. Жамбыл және Түркістан облыстарында сәйкесінше 59,5 мың теңге және 58 мың теңге. Жалақыға дейінгі несие рейтингінде екінші орында Жетісу облысы тұр. Мұнда адамдар – 57 мың теңге қарыз алса, Алматыда шамамен 56 мың теңге жетпейді. "Сонымен қатар орта есеппен 88 мың теңге алып жатқан Байқоңыр тұрғындарын да ерекше атап өткен жөн. Алайда қала жалпы тізімге енбей қалды, өйткені бұл елді мекендегі несие алушылардың аздығы, мұндағы қаржы өзектілігі туралы айтуға мүмкіндік бермейді. ",-дейді МҚҰ мамандары.Өтініштері бойынша ең аз несие алатын, орташа есеппен 48,6 мың теңгені құрайтын Қостанай облысының тұрғындары; Павлодар және Ақтөбе облыстары – әрқайсысы 49 мың теңге, сондай-ақ Шығыс Қазақстан – 50 мың теңге және Алматы облысы – 51,1 мың теңгені құрайды. Қаржы ұйымы мамандарының айтуынша, өңірлердегі 85 пайызға жуығы микронесиелерді тұрақты түрде пайдаланып, тиісінше оларды кешіктірмей қайтарады. "Қазақстандықтардың бұл мінез-құлқы, жалпы алғанда, олардың табыс деңгейінің жеткілікті екенін көрсетеді, бірақ қазіргі уақытта олар шығындарды дұрыс теңестіре алмайды",-дейді МҚҰ мамандары.Алынған шағын несиелер саны бойынша алғашқы 5 аймаққа Алматы, Астана, Алматы, Түркістан және Жамбыл облыстары енді. 2023 жылы Қазақстанда шағын несиенің орташа сомасы 56,8 мың теңгені құрады, бір жыл ішінде өсім 4 мың теңгені құрады.