Аймағамбетов соңғы қоңырау шарасын 1 маусымға ауыстыруға қатысты пікір білдірді

Соңғы қоңырау соғыла ма? Қазір оқушылар мен ата-аналарды осы сұрақ толғандырып отыр. Мерекені мектеп қабырғасында 1 маусым күні өткізуге қатысты министрлік шешім шығарды. Бұған дейін оқудың соңғы күнін 25 мамырдан 31 мамырға ауыстыру мәселесі қоғамда дау тудырған еді. Енді мектепте соңғы қоңырау қашан соғылады? Бітіруші түлектерге аттестат қай күні беріледі?Ақбота БАЗАРБАЙ, ТІЛШІ: Соңғы қоңырау шарасы-әсіресе мектеп бітіруші түлек үшін ерекше маңызды. Әдетте бір күн бұрын, білім беру ауласында қызу дайындық жүріп жататын. Қазір көріп тұрсыздар, тым-тырыс. Себебі, ертең соңғы қоңырау соғылмайды. Ал маңызды мерекелік шараны өткізу, өткізбеуді мектеп басшылығы ата-анамен ақылдаса отырып шешеді. Астана қаласы білім басқармасының мәліметінше, 1 маусым – Балаларды қорғау күні – 4, 9 және 11-інші сыныптар үшін салтанатты іс-шара өтіп, түлектер үшін соңғы қоңырау соғылады. Маусымның алғашқы онкүндігінде 9-сынып түлектері қорытынды емтихан тапсырады, ал 11-сынып бітірушілер үшін мемлекеттік емтихандар 5-19 маусым аралығында өтеді. 22 маусым күні түлектерге аттестат беріледі. Ал қалған сыныптар үшін соңғы қоңырау шарасы қашан өтеді? АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ: Биылғы оқу жылы көктемнің соңғы күнінде аяқталады. 31 мамыр – жалпы білім беретін мектептер бекітілген кесте бойынша сабақтар өткізеді және сол күні сынып сағаты өтеді. Балалар мұғалімдермен бірге оқу жылын қорытындылап, жазғы демалысқа арналған жоспарын талқылайды. Ал ата-аналардың бұған қатысты пікірі қандай? БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Пока дайындық, ештеңе болып жатқан жоқ. Нақты айтқан жоқ, болатын күнін де, қашан болады, оқу қашан бітеді ондай ештеңесін айтып жатқан жоқ. - Сабақ бітті, кітаптарымызды барлығын тапсырып қойдық. Мектепке құр бос келіп жүрміз. - Білмедім оны, хабарым жоқ, осы айдың соңында деді ғой кішкентай балам. Білмеймін. - Қашан болады? Мен әлі білмедім. - 31-і. -31-і? Иә, ата-аналар шатасты. Бұған дейін министрлік 25-інен кейін балалар өткізіп алған сабақтардың орнын толтырады деп түсіндірген. Алайда іс жүзінде кей мектептердің оқушылары оқулықтарды тапсырып қойған. Ал сабақтың орнына сыныптан тыс іс-шаралар өтіп жатқан көрінеді. Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Әр өңірде жағдай әртүрлі, әртүрлі мектептерде де. Сондықтан, біз әр істі жеке қарау керек екенін айтып жатырмыз және бұл мәселелердің барлығымен министрлік айналысады деп ойлаймын. Биыл Астанада 9-сыныпты 18 443 оқушы, ал 11-сыныпты 9 539 түлек аяқтайды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жетісуда адам қағып, мерт қылған жүргізуші қолға түсті
Медғат Өмірәлиев, актер, Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі: Режиссерді сырттан шақыруға мәжбүрміз
Жасанды интеллект емделуі қиын ауруға қарсы дәрі тапты
Метеорологтар Астана мен Алматы тұрғындарына ескерту жасады
Жетісу облысында жоғалған тұрғын табылды
Ақтауда пойыз бен жеңіл көлікке соғысты
Банктен 55 млн теңге ұрлаған ер адам Швецияда ұсталды
Банктен 55 миллион теңге ұрлаған ер адам Швецияда ұсталды
Банктен 55 млн теңге ұрлаған ер адам Швецияда ұсталды
Жұмыс беруші қызметкердің жалақысынан әкімшілік айыппұл сомасын ұстап қалуға құқылы ма?
Жетісуда адам қағып, мерт қылған жүргізуші қолға түсті
Елордада мектепке дейінгі қызметтерге 2 200 ваучер бөлінді
Кимешек киген қандай-ды!
Қостанайда заңсыз жолмен 2 млрд теңге тапқан ерлі-зайыпты сотталды
ІІМ есірткі зертханаларына прекурсор жеткізушілерді ұстады
Бұдан былай пластик пакет қолдануға тыйым салынады
Дерек дәйекті болса, даму тұрақты
Алматыда соғыс ардагері 101 жасқа толды
«Қар, жаңбыр, аяз»: Алдағы күндері ел аумағында -27°С-қа дейін суық болады
«Бір ел – бір кітап» оқу мәдениетін қалыптастырады
15 жыл далада қонған адам RIXOS-тан бірақ шықты
Медғат Өмірәлиев, актер, Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі: Режиссерді сырттан шақыруға мәжбүрміз
Әлемдік нарықта мұнай бағасы күрт өсті
Импорт алмастыру да инфляцияға тосқауыл