Аймағамбетов үш ауысымды мектеп үшін айыппұлды директорға емес, әкімдікке салуды ұсынды

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мұндай ұсынысты палатаның жалпы отырысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.Депутаттың сөзінше, соттар бүгін мектеп директорларына немесе аурухана басшыларына айыппұл салғанда олардың мүмкіндіктері мен құзыреттілігін толық ескермейді. Мысалы, санпинді бұзды деп мектеп үш ауысымды болса, онда айыппұл мектептің директорына салынады. Бірақ енді директор үш ауысымдылықты басына тілеп алған жоқ қой. Мектеп тиісті деңгейде салынбағаннан кейін дәл осындай жағдайға жетеді. Сондықтан мүмкін мұндай мәселеде айыппұл әкімдіктерге салыну керек шығар. Лаборатория, құрылғылар жетпесе, тағы да директорға жауапкершілік артылады. Бюджет болмағандықтан, ол құрылғыны сатып алмайды. Сондықтан Жоғарғы Соттың нормативті қаулысы керек деп санаймын. Айыппұл салғанда субъектінің мүмкіндігі мен осы мәселе әсер ете алуын қарау керек деп ойлаймын, - деді мәжілісмен. Сонымен бірге Аймағамбетов дәрігерлердің де мәселесін көтерді. Бүгін дәрігерлерді өзіне тән емес жұмысқа тартқаны, шамадан тыс есеп талап еткен үшін жауапкершілікке полиция тартады. ДСМ-нің комитеті осы мәселені қарастырсын деген ұсыныс болған. Бұл мәселеге қалай қарайсыз? - деп сұрады депутат Асхат Аймағамбетов. Сот әкімшілігінің өкілі депутат көтерген мәселе өте өзекті екенін айтып, оны пысықтайтынын жеткізді. Ал Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха да бұл бастаманы қолдайтынын және оны жұмыс тобында жан-жақты талдауды ұсынды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Астана-Үрімші бағыты бойынша рейстер саны артып жатыр
Атырау-Индер тасжолы уақытша жабылды
Атырау облысында көліктер опырылған жол ойығына түсіп кетті (ВИДЕО)
Маңғыстау облыстық полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды
Қазақстан Президентінің туған күніне орай келіп түскен құттықтаулар
Қазақстандықтар маусымда қанша күн демалады?
Былтыр бюджеттен қанша млрд теңге тиімсіз жұмсалған? – Жоғары аудит жауабы
Қайрат Нұртасқа қатысты іс: сот қандай шешім шығарды?
Тасқын қаупі сейілген жоқ. Шәпкенов учаскелердегі кезекшілікті күшейтуді тапсырды
Қазақстандағы алпауыт білім беру платформасы түркі елдеріне жол тартты
"Патрондар атылады". Полицейлер алматылықтарға ескерту жасады
Еліміздің азаматтарында қанша көлік бар?
Құлсарылықтар өтемақы мәселесі бойынша кеңес қайдан алады
Шымкентте жоғалып кеткен 5 жасар қыз анасымен қауышты
Талдықорғанда оқушы қыз көпқабатты үйдің балконынан секіріп кетті
Нұрдәулет Қилыбай Маңғыстау облысына әкім болып тағайындалды
"Медеу" табиғи паркінде жеке тұлғаларға жер учаскесі заңсыз берілген
Сенатта денсаулық сақтау жүйесін дамыту мәселесі талқыланды
Қайрат Нұртасқа қатысты іс: сот қандай шешім шығарды?
Маңғыстау облысының әкімі тағайындалды
«Ер адам басына диван құлап қайтыс болды». Оқиғаға кінәлілер анықталмаған
Маңғыстау облысының әкімі тағайындалды
Экология талаптарын орындамаған кәсіпорындар жауапқа тартылды
Маңғыстау облысының прокуроры тағайындалды