Аймақтарға 4 642 тонна гуманитарлық көмек жіберілді

Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Абай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында су тасқынына қарсы іс-шараларға 35 000-нан астам волонтер қатысып жатыр. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.16 сәуірдегі жағдай бойынша су тасқынынан зардап шеккендерге волонтерлер көмегімен 4642 тонна гуманитарлық көмек жиналды, оның 3980 тоннасы зардап шеккен аймақтарға жеткізілді. Ақтөбе облысында 8600-ден астам ерікті жұмылдырылды. Волонтерлер күшімен 10 000 адамға ыстық тамақ ұйымдастырылды. Ұлттық волонтерлік желіні, «Асар уме» тобы, «Аңсар», «Дәулеттен қоры» волонтерлік қозғалысының өкілдері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп Ойыл, Қобда ауданының тұрғындарына азық-түлік пен киім-кешек жеткізді. Эвакуациялық пункттерге 174 тонна азық-түлік, 65 тонна азық-түлікке жатпайтын қажетті тауарлар және 200 килограмм дәрі-дәрмек бөлінді. Батыс Қазақстан облысының су басқан аймақтарында 7 мыңнан астам волонтер жұмыс істейді. «Birgemiz» Қорының қолдауымен 300 қайық, 100 мотопомп, 500 матрац, 100 шатыр, азық-түлік сатып алынды. Қостанай облысында 3000-ға жуық ерікті су тасқынына қарсы іс-шараларға белсенді қатысып, халықты эвакуациялаумен, гуманитарлық көмек бөлумен айналысуда. «Атырау облысында волонтерлер штабы шұғыл режимде жұмыс істеп жатыр. Еріктілер мен ауыл тұрғындарының бастамасымен арнайы бөгеттер салынды. Бөгеттерді күшейту үшін 30 мыңнан астам қапқа құм толтырылған. Қазіргі уақытта Атырауда бөгеттерді күшейту үшін 107 пункт орнатылды, бөгет салу жұмыстары тәулік бойы жалғаспақ. Аймақта 500-ге жуық арнайы техника және 9 мыңға жуық волонтер жұмыс істейді. Өткен тәулікте 30 шақырым жерді жағалай бөгеттер күшейтілді», - делінген хабарламада. Астанада әлеуметтік қоймаларда гуманитарлық көмек жинаумен 30 волонтерлік ұйым айналысып жатыр. Жалпы 817 тонна гуманитарлық көмек жиналды. Алматыда 20 ірі волонтерлік ұйым 360 тонна көмек жинады. Көмек Орал, Ақтөбе, Атырау, Қостанай облыстары, Петропавл қаласына жіберілді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
БҚО полицейлері құжаты жоқ әйелге көмектесті
"65 мың трактор, 43 мың комбайн жетпейді". Депутат утильалымды жоюды ұсынды
Гүлмира Сатыбалды сотқа қатысуы үшін Алматыға жеткізіледі
Шымкентте бейтаныс әйелді соққыға жыққан ер адамға қатысты жаңа ақпарат тарады
Дәулет Асанов, эколог: Маралдыдағы цианиттің қоршаған ортаға зияны жоқ
«555 күн өтті...»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуіне әсерлі жазба арнады
Жыл басынан бері 600 мың га астам пайдаланылмаған жер мемлекетке қайтарылды
Алматыда сот шешімімен заңсыз коммерциялық нысан сүріледі
Антикор Мусинге қатысты іс қозғалғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды: ІІМ мен Бас прокуратура не дейді?
“Апелляцияға береміз”: Бишімбаевтың адвокаты мәлімдеме жасады
Петропавлда мектеп оқушысы 19 жастағы жігітті пышақтап тастады
Қазақстан мен Қытай ауыл шаруашылық өнімдерін терең өңдеу саласын талқылады
Алматыда өртке оранған үйден 12 адам құтқарылды
Қазақстан мен БАӘ цифрландыру саласын дамытуға ниетті
Әнші Әбдіжаппар Әлқожа ұстазына бағалы сыйлық берді (видео)
Алматыдағы жанып жатқан екі қабатты үйден өрт сөндірушілер 12 адамды құтқарды
Президент бірқатар ауыс-түйіс жасады
Павлодарда тағы бір ер адам әйелін соққыға жықты
Астанада мұғалімдер оқушылардың құқықтық сауатылығы мен мәдениеті мәселесін талқылады
Белгісіз біреулер Энергетика министрлігі басшылығының месенджерлерін бұзып алған
Атыраулық кәсіпкер Қайрат Нұртасты сотқа берді
ШҚО-да банк бөлімшесінің бастығы күніне 2,5-5 млн теңге аралығында қаржы жымқырған
Тасқыннан зардап шеккен ақтөбелік балалар қайда демалады
Тоқаев Малайзия премьер-министрі Ануар Ибрагиммен кездесті