Айналма жолдың әлегі: жүргізушілер «ҚазАвтоЖол» өкілдеріне үндеу жасады

Алматы-Бішкек тасжолының жылдар бойы жөнделмей келетін бөлігі бұқара үшін қауіпті болып барады. Күніне 60 мың транспорт өтетін тасжолдың тарлығынан екі-күннің бірінде кептеліс туындайды. Күре жолдың тауқыметін тартқан тұрғындар «ҚазАвтоЖол» өкілдеріне үндеу жасады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.Соңы көз ілестірмейтін кептелесті кеше кешкісін жүргізушілер түсіріп желіге жүктеген. Олардың айтуынша, автокөлік қозғалысы мүлде тоқтаған. Өз бетінше төте жол іздегендер батпаққа батып, сонда түнепті. Ал таң ата тас жолдың тауқыметін тартқан жүргізуші де оқыста ажал құша жаздаған. – Халықтың зарын ешкім тыңдамайды. «ҚазАвтоЖол» жолды жөндесін. Көлікте3,5 тонна жүк бар еді. Оның иесі төле десе, біраз шығынға батқалы отырмын, – деді жүргізуші Хасан Мухаммедов. Аударылып жатқан көліктің қасында тұрудың қауіпті, жанармайы ағып, газдың иісі шығып жатыр. Кез келген сәтте өрт тұтануы мүмкін. Ал жүргізушінің сөзінше, жолды айналып өту белгісі анық болмағасын, жолдан шығып кеткен. Тонналап жүк тасыған көлікті тұрғызу мүмкін болмады. Көмекке келгендердің де құрығы қысқа, қолғабыс қылуға қуаты жетпеді. Сондықтан зардап шегуші далада түнеп қалуым да мүмкін деп отыр. – Ұзынағаш ауылына дейінгі жасалған жолда бір отбасынан 7 адам қайтыс болды. Оны көзіммен көрдім, – деді Беріктас ауылының тұрғыны Мейірхат Омаров. Жол жиегін барлай келе көлігі шетке шығып қалған тағы бірнеше жолаушыны көзіміз шалды. Дені даудың басын осы жөнделмей келетін жолдан көреді. Алматымен екі ортада такси болатындар «қорлық көрдік» деп отыр. – Бампер жұлынды, гранатасы кетті. Жол сапасы нашар болған соң, тапқан табысыңның жартысы машинаға кетеді. Әйтеуір жартысымен күн көріп жүрміз, – деді жүргізуші. – Республикалық Алматы-Бішкек тасжолында кеше сағат 19:00 шамасында кептеліс болды. Біріншіден, қалың тұман, екіншіден, жүргізушілер жол жиегіне шығып, бірін-бірі озбақ болған. Содан жүк көліктері сыймай, кептеліс туындаған. Ал мынау айналма жол құрылысына келсек, қазір мердігер көпір салып жатыр. Жуырда бір жолағын болса да аяқтап береді. Жол белгілері тұр, құжатта көрсетілген жерге орнаттық, – деді «ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ Алматы облыстық филиалы директорының орынбасары Нұржан Таңатаров. Жұрт шағым айтқан аймақта көлік қозғалысы реттелген. Бірақ тар жолда бәрбір көлік тығыны болады. Сондықтан тұрғындар «жол толық жөнделуі тиіс» деп талап қойды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жапония қазақстандық компанияға қарсы санкция салды
Әскер тарланы-2024: Асылбек Қарабай өткен жылдың үздік «жауынгер-спортшысы»
Мемлекет басшысы Мұхтар Мағауиннің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
180 млн-нан 1,5 млрд теңгеге дейінгі шығындар: Қазақстанның ең тиімсіз мемлекеттік компаниялары
Қазақстанда биыл жинақтаушы зейнетақы өседі
Алматыда трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері сотталды
Жұмысшы мамандықтар жылынан не күтеміз?
Қыз баланың ер адамға тіктеп қарамағанының өзі – имандылық
Қазақстанда жылжымайтын мүлікті онлайн сату және сатып алу жобасы іске қосылады
Ауылдық медицина – қолжетімділік пен сапаны арттыру
Мопедті тіркеуге  қандай құжат керек?
Өзбекстан Қазақстан қалаларына жаңа автобус бағыттарын іске қосады
Тыныштық пен келісімнің мекені
Жжұмысшы мамандарды дәріптеу қажет
Жұмысшы мамандарды дәріптеу қажет
Алматыда қор-қордың түтініне еліткен 100-ден астам адамға айыппұл салынды
Еңбек пен шеберлік бағаланатын  уақыт
 Кәсібилік және еңбекқорлық біліктіліктің  жаңа сапасын қалыптастырады
Теміржол мамандарын даярлау: жаңа мүмкіндіктер мен тәжірибе
Қазақстандық актер Нью-Йоркте марапатталды
Алматыдағы бос учаскеде жаңа демалыс  аймағы пайда болды
Саматтың сырлы суреттері
Жазушы Мұхтар Мағауин дүниеден өтті
1,2 миллион ауыл тұрғыны жылжымалы кешенде медициналық көмек алды