Қазақстандық режиссер Айсұлтан Сейітов «ҚАШ» дебюттік фильмі үшін ХХV Шанхай халықаралық кинофестивалінде «Үздік режиссер» номинациясын жеңіп алды.Кинофестиваль бағдарламасына фильмді Айсұлтан Сейітов, «Qara Studios» бас продюсері Еркебұлан Күрішбаев пен сценарий авторы Абылай Нұрманбетов ұсынды. Картина шорт-листке еніп, «Asian New Talent» санаты бойынша үш номинацияға іліккен еді: Best Film – Aisultan Seitov Best Director – Aisultan Seitov Best Script Writer – Ablay Nurmanbetov Жүлде статуэткасы мен фестивальдегі суреттерін Айсұлтан Сейітов желідегі парақшасында жариялады.