"Айына 3 млн теңге табамын". Қас жұлумен айналысатын Ақтілек Тәшімовпен сұхбат

"Айына 3 млн теңге табамын". Қас жұлумен айналысатын Ақтілек Тәшімовпен сұхбат

Ақтілек Тәшімов 7 жылдан бері қыз-келіншектердің қасын жұлумен айналысады. Оның бұл салаға келуіне алғашында ата-анасы қарсы болған. Алайда сүйікті ісін сұлулық әлемінен тапқан ол бүгінде кәсібі арқылы табыс тауып жүр. Massaget.kz тілшісі Ақтілек Тәшімовпен бұл салаға келуі және неліктен осы мамандықты таңдауына қатысты әңгімелесіп, сұхбаттасты."Ата-анам қарсы болды" Ақтілек Тәшімов - Қызылорда қаласының тумасы. Негізгі мамандығы - дәнекерлеуші. "Өзіме қатысы жоқ мамандықты оқу бітірген соң оқып шықтым. Оған түсуіме үйдегілер себеп болды. Біз жақта "әкең қандай жұмыс істесе, сен де сондай жұмыс істеуің керек" деген қатып қалған стереотип бар. Ал баланың ойы, қызығушылығы бұл орайда маңызды емес. 4 жыл дәнекерлеуші мамандығында оқып болғаннан кейін үйдегілерге қалауымды айттым. Бастапқыда қарсы болды. "Қыздың жұмысын не істейсің, одан да тұрақты жұмысқа тұрып, айлыққа жұмыс істе" деді. Сосын үйдегілерге айтпай, сән салонында оқып, әрі жұмыс істеп жүрдім. Осылайша, бұл саланы меңгеріп алдым. Кейін үйдегілерге "міне, осы салада жұмыс істеп жатырмын" деп табысымды көрсеттім. Оларға табысымды берген соң ата-анам маған сене бастады", - деді ол. Оның Алматыға келгеніне 4 жыл болған. Бүгінде Алматыда жеке сән салоны бар. "Осы кәсіп арқылы шетелге шықтым, көлік алдым. Ал Қызылордада өсу қиын болды. Себебі ол жақта сән салонының бағасы сәл төмендеу. Мастердің жұмысы аса қатты бағаланбайды. Қызылордадан білім алып, карантин кезінде Алматыға келіп, соны дамыттым. Үйдегілерге Алматыға көшетінімді айтқанда, үйдің үлкен баласы болғаннан кейін қарсылық білдірді. Дегенмен, бәрін түсіндіруге тырыстым", - деді ол. "Келіншегім түсінбей қызғанды" Бүгінде Ақтілектің сән салонына қыз-келіншектер ғана емес, ер адамдар да жиі келеді. "Қас адамның бет пішімінде үлкен рөл ойнайды. Қызылордада ер адамдар қасын жасатқанын көрсе, "қыз сияқтысың" деп тиіседі ғой. Алматыда менталитет басқаша болғандықтан, мұнда барлығы өзіне күтім жасайды", - деді ол. Оның айтуынша, бастапқыда келіншегі мамандығын түсінбеген. "Көбіне қыздармен жұмыс істеймін ғой. Олардан қызғанды. Сосын "Нұрай, осы жұмыс маған ұнайды, осы арқылы ақша тауып, сені асырап отырмын" деп түсіндірдім. Кейін ол да келісіп, қазір мені қолдайды. Әйелім қас жұлуға тек маған келеді. Оған перманентті татуаж жасатып бергем. Сән салонында жүргендіктен, өзіме де қарап тұрамын. Көп қыздар салонда ер адамға келгенді жақсы көреді. Себебі біз артық әңгіме айтпаймыз. Қыздарға сол ұнайды. Әйелдер салонға демалу үшін әрі әдемі болуға келеді ғой. Біз сондай жағдай жасағандықтан, ерлерге келеді деп ойлаймын", - деді ол. "Бір процедураның бағасы - 50 мың теңге" Ақтілек бастапқыда салонға қатысты барлық процедураларды оқып көрген. "Сән салонында бірнеше процедура бар. Бәрін оқыдым. Макияжды оқыған соң визажисттердің жіберетін қателігін түсіндім. Олар қастың формасын дұрыс сыза алмайды. Мұны бірден байқадым. Сосын "неге осы қастың формасын зерттеп көрмеске" деп ойландым. Әрі қарай осы бойынша білім алдым. Тек қана қастың бағытын дамыта бердім. Көптеген әмбебап мастерлер қастың сызу формасын білмегендіктен жұмыстары әдемі шықпайды. Қас - маңызды рөл атқарады. Сол үшін мастерлердің бір бағытпен дамығаны дұрыс. Қазір қас жұлумен қатар, кірпік те жалғаймын. Мұның бәрін әзірге өзім жасап жүрмін. Болашақта ұжым қалыптастырғым келеді. Тек сапалы мамандарды алу мақсатында қазір тек шәкірттерді оқытып жатырмын", - деді ол. Әр клиенттің қалауына қарай қас формасын техникалармен жасалады. "Көпшілігі қастың тек бір техникасы мен коррекциясы ғана бар деп ойлайды. Олай емес. Қастың 6 түрлі техникасы бар. Өзім Ресейден, Қазақстанның осы саладағы мықты мамандарынан білім аламын. Көп мастерлер бір білім алады да, тоқтап қалады. Ал сен бір біліммен қызмет құныңды жоғарылата алмайсың. Сол үшін де қызметімнің құны жоғары. Мәселен, бір процедураның бағасы 5-50 мың теңге аралығында", - деді ол. "Қыз сияқты болып кетеді" Ақтілек салонға келген әр қонаққа ыңғайлы форманы өзі ұсынатынын айтты."Бізге келген клиенттер қастың формасын білмей келеді. Оларға ыңғайлы форманы ұсынамыз. Эксперт ретінде маған сенгендіктен алдымдағы адамның бірінші бет пішіміне қараймын. Бет пішіміне сай қастың формасын келтіремін. Одан кейін қасты боятқан кезде түсін таңдау үшін бет терісіне, шашы мен көзінің түсіне қарай таңдаймын. Бірақ, әуелі клиенттің ойындағы қасты анықтап алу маңызды" , - деді ол. Оның айтуынша, көпшілігі жігіт істейтініне таңғалады. "Маған жазылған клиенттердің көпшілігі "ер бала істей ме" деп таңғалады. Дегенмен, белгілі бір тұрғыда стереотип бар екенін мойындау керек. Көпшілігі сән салонында жүрген жандар "қыз сияқты болып кетеді" деп жатады. Қаншалықты рас-өтірігін білмеймін. Мәселен, өзім қалай бар - солай қалдым деп ойлаймын", - деді ол. "Айына 3 млн теңге табамын" Ақтілек қыз-келіншектер мен ерлерге қандай қас үлгісі жарасатынын атап айтты. "Біздегі көп қыздардың бет пішімі азиаттық болғандықтан, оларға кәрістердің қас формасы жақсы жарасады. Ал ер адамдарға қалыңдау форма әдемі жарасады. Соңғы 3 жылда қас формасы өзгерді деп айта алмаймын. Бірақ техника өзгерді. Қазір табиғи қас сәнге шықты. Корейлік форма сәл көтеріңкі тұрады. Татуаж жасалған қастар теріні қанату арқылы жасалғандықтан оларды лазерлік құрылғылар арқылы өшіруге тырысамыз. Жалпы қастың күтімі тек бір айға жетеді. Сол үшін ай сайын мастерге келген жөн. Табиғи қас тез өсетіндіктен бір айда жалбырап кетеді. Бүгінгі таңда қастың барлық процедурасы трендте деп айтар едім. Біреулер жылтыр боялған қасты, біреулер уақытша бояуды, енді басқалары табиғилықты ұнатады. Бұл әр адамның талғамына байланысты бөлінеді", - деді ол.Сондай-ақ, ол бұл салаға қызығатындарға ақыл-кеңесін айтты. "Осы салаға қызығатын жігіттер көп. Көпшілігі ата-анасының пікірінен қорқады. Негізі табыстың көзі деп осы сән салоны саласын айтар едім. Қазір адамдар өздеріне жақсы қарайды, күтім жасайды. Өзін сыйлайтын адам салонға жиі барып тұрады. Мәселен, менің айлық табысым - 1,5 млн мен 3 млн теңге арасында. Бұрын ата-анам айтқандай, тұрақты жұмысқа кірсем, мұндай айлықты таппаушы едім", - деді ол.

Сібірде 37 мың жыл бұрын мекендеген жолбарыстың сүйегі табылды
Сібірде 37 мың жыл бұрын мекендеген жолбарыстың сүйегі табылды
  • Massaget
ТЖМ құтқарушылары 10 адамды эвакуациялады
ТЖМ құтқарушылары 10 адамды эвакуациялады
  • el.kz
Ресейлік файтер қазақстандық жігітінің басынан теуіп, талдырып тастады (ВИДЕО)
Ресейлік файтер қазақстандық жігітінің басынан теуіп, талдырып тастады (ВИДЕО)
  • 1bol.kz
Солтүстікте таратылатын ауылдардың тұрғындары қайда көшіріледі?
Солтүстікте таратылатын ауылдардың тұрғындары қайда көшіріледі?
  • Massaget
Ақтөбеде әйелі мен балаларын ұрып-соққан азамат сотталды
Ақтөбеде әйелі мен балаларын ұрып-соққан азамат сотталды
  • el.kz
Жібек Құламбаева – Португалиядағы жарыстың жеңімпазы
Жібек Құламбаева – Португалиядағы жарыстың жеңімпазы
  • baq.kz
Ақмолада 394 адам алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеуге жіберілген
Ақмолада 394 адам алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеуге жіберілген
  • baq.kz
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы әлемдік Гран-приден екінші орын алды
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы әлемдік Гран-приден екінші орын алды
  • 1bol.kz
  Қазақстан спортшысы мәнерлеп сырғанаудан Қытайда күміс медаль жеңіп алды
Қазақстан спортшысы мәнерлеп сырғанаудан Қытайда күміс медаль жеңіп алды
  • aikyn
ТЖМ құтқарушылары 10 адамды эвакуациялады
ТЖМ құтқарушылары 10 адамды эвакуациялады
  • el.kz
  Әнші Сәкен Майғазиевтің әпкесі өмірден өтті
Әнші Сәкен Майғазиевтің әпкесі өмірден өтті
  • aikyn
Ереванда күрестен өткен CISM әлем чемпионатында әскер спортшылары 3 алтын, 4 қола алды
Ереванда күрестен өткен CISM әлем чемпионатында әскер спортшылары 3 алтын, 4 қола алды
  • baq.kz
Алматылық университет Еуропалық желінің 29-шы Бас Ассамблеясын өткізді
Алматылық университет Еуропалық желінің 29-шы Бас Ассамблеясын өткізді
  • el.kz
Сібірде 37 мың жыл бұрын мекендеген жолбарыстың сүйегі табылды
Сібірде 37 мың жыл бұрын мекендеген жолбарыстың сүйегі табылды
  • Massaget
Қызылордада кірпіш зауытының құрылысы басталды
Қызылордада кірпіш зауытының құрылысы басталды
  • baq.kz
80 мың теңге пара алған колледж директоры 2 млн теңге айыппұл төлейді
80 мың теңге пара алған колледж директоры 2 млн теңге айыппұл төлейді
  • turkystan
«Дұшпандарға да мереке сыйлап тұру керек». Мақпал Жүнісова хейтерлерге жауап берді
«Дұшпандарға да мереке сыйлап тұру керек». Мақпал Жүнісова хейтерлерге жауап берді
  • el.kz
  «Қой сойып, кейіпкерімді шығарып саламын»: актер Шәріп Серік кинодағы ауыр рөлдері туралы айтты
«Қой сойып, кейіпкерімді шығарып саламын»: актер Шәріп Серік кинодағы ауыр рөлдері туралы айтты
  • aikyn
Рейсті 15 сағат кешіктірген «Эйр Астанаға» айыппұл салынды
Рейсті 15 сағат кешіктірген «Эйр Астанаға» айыппұл салынды
  • turkystan
«Түнгі жүгіріс»: елордада өткен іс-шараға 1500 әуесқой қатысты
«Түнгі жүгіріс»: елордада өткен іс-шараға 1500 әуесқой қатысты
  • el.kz
Қостанайда ит қапқан 13 адамнан құтыру диагнозы анықталды
Қостанайда ит қапқан 13 адамнан құтыру диагнозы анықталды
  • baq.kz
Ақтөбе облысында жол апатынан бір адам қаза тапты
Ақтөбе облысында жол апатынан бір адам қаза тапты
  • el.kz
Дубай шоколады аллергиясы бар адамдар үшін қауіпті болуы мүмкін
Дубай шоколады аллергиясы бар адамдар үшін қауіпті болуы мүмкін
  • aqshamnews
  Тұман түсіп, жел тұрады: 24 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Тұман түсіп, жел тұрады: 24 қарашаға арналған ауа райы болжамы
  • aikyn
Магические прогнозы. Шоу “Расклад” продолжает гадать на спорт
Магические прогнозы. Шоу “Расклад” продолжает гадать на спорт
  • Smi24
Жібек Құламбаева Португалиядағы жарыстың жеңімпазы атанды
Жібек Құламбаева Португалиядағы жарыстың жеңімпазы атанды
  • sn.kz
Ресейлік файтер қазақстандық жігітінің басынан теуіп, талдырып тастады (ВИДЕО)
Ресейлік файтер қазақстандық жігітінің басынан теуіп, талдырып тастады (ВИДЕО)
  • 1bol.kz
Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан Қытайда өткен Гран-при кезеңінде күміс медаль жеңіп алды
Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан Қытайда өткен Гран-при кезеңінде күміс медаль жеңіп алды
  • turkystan
Қазақстандық файтер бір соққыдан сұлап түсті (ВИДЕО)
Қазақстандық файтер бір соққыдан сұлап түсті (ВИДЕО)
  • penalty
Нұрбек Оралбай: Үйленетін қыз іздеп жүрмін
Нұрбек Оралбай: Үйленетін қыз іздеп жүрмін
  • penalty
Қазақ файтері UFC-ге іліге алмады
Қазақ файтері UFC-ге іліге алмады
  • penalty
Әскерилер арасында әлем кубогының жеңімпаздары анықталды
Әскерилер арасында әлем кубогының жеңімпаздары анықталды
  • penalty
Қорғаныс министрлігі елорда тұрғындарына үндеу жасады: 23 қараша 2024, 15:54 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Қорғаныс министрлігі елорда тұрғындарына үндеу жасады: 23 қараша 2024, 15:54 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
“ҚТЖ-Жүк тасымалы“ филиалы депосының бастығы сотталды: 22 қараша 2024, 09:47 - жаңалықтар Tengrinews.kz
“ҚТЖ-Жүк тасымалы“ филиалы депосының бастығы сотталды: 22 қараша 2024, 09:47 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Премьер-министр Қазақстанда шұғыл жиын өткізді
Премьер-министр Қазақстанда шұғыл жиын өткізді
  • TengriNews
Экс-министр Марат Бекетаевтың ұсталуы
Экс-министр Марат Бекетаевтың ұсталуы
  • TengriNews
Желтоқсанда көптеген қазақстандық үшін ұялы байланыс пен интернет қымбаттайды
Желтоқсанда көптеген қазақстандық үшін ұялы байланыс пен интернет қымбаттайды
  • TengriNews
WhatsApp-та тағы бір пайдалы функция пайда болады
WhatsApp-та тағы бір пайдалы функция пайда болады
  • TengriNews
Психосинтездегі тұлғаның даму мәселесі. Ұжымдағы тұлғаның «менінің» рөлі
Психосинтездегі тұлғаның даму мәселесі. Ұжымдағы тұлғаның «менінің» рөлі
  • bugin.kz
Сапа қашан жақсарады? Министрге ұялы байланыс операторлары туралы сұрақ қойылды: 21 қараша 2024, 11:01 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Сапа қашан жақсарады? Министрге ұялы байланыс операторлары туралы сұрақ қойылды: 21 қараша 2024, 11:01 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Прагада өткен Димаштың концертінде 9 жасар қыз тыңдармандарды таңдай қақтырды
Прагада өткен Димаштың концертінде 9 жасар қыз тыңдармандарды таңдай қақтырды
  • sn.kz
Белгілі «Яшлык» ансамблі 50 жылдық мерейтойын атап өтті
Белгілі «Яшлык» ансамблі 50 жылдық мерейтойын атап өтті
  • el.kz
Түркі халықтарының бауырластығы нығаяды: Алматыда "Түрксой" медиа білім беру және зерттеу орталығы ашылды
Түркі халықтарының бауырластығы нығаяды: Алматыда "Түрксой" медиа білім беру және зерттеу орталығы ашылды
  • bugin.kz
Сәкен Майғазиевтің туған әпкесі өмірден озды
Сәкен Майғазиевтің туған әпкесі өмірден озды
  • sn.kz
Жылыту маусымы басталғалы өрттен 41 адам қаза болды
Жылыту маусымы басталғалы өрттен 41 адам қаза болды
  • turkystan
Енді баспанасы жоқ кез келген адам үй кезегіне тұра алады
Енді баспанасы жоқ кез келген адам үй кезегіне тұра алады
  • turkystan
Жамбыл облысында прокуратура қызметкері алаяқтық жасады деп ұсталды
Жамбыл облысында прокуратура қызметкері алаяқтық жасады деп ұсталды
  • turkystan
Атырауда әнұранды сыйламаған әскери қызметкер жазаланды
Атырауда әнұранды сыйламаған әскери қызметкер жазаланды
  • turkystan