Аз қамтылған отбасыларға 1000-нан астам азық-түлік себеті таратылды

Елордада аз қамтылған отбасыларға 1000-нан астам азық-түлік себеті таратылды. Қайырымдылық шарасы Республика күні мен Қарттар күніне орайластырылды. Еріктілер себетті үй-үйлерге жеткізіп беріп, баршаны жақсылық жасауға шақырды. Қалалық әкімдіктің ұйымдастыруымен жасалған "Игі істер марафоны" осымен үшінші рет өткізіліп жатыр. Жан жылытар амалға кәсіпкерлер мен еріктілер қолдау білдірді. Олжас ХАМИТОВ, "АСТАНА ЖАСТАРЫ" ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ: "QAZAQOIL" компаниясымен бірігіп 1000-нан астам карзина таратып жатырмыз. Барлық аз қамтылған отбасыларға үйлеріне дейін жеткізіледі. Бұл қызметтердің барлығы Астана қаласының қызметкерлері мен қалалық волонтерлар штабының қызметкерлерімен атқарылады. Жалпы еріктілерден қазіргі уақытта 150-ге жуық адам. Әрбір себетте күнделікті тұрмысқа қажетті заттар мен азық түлік бар. Қант, қарақұмық, күріш, макарон өнімдері мен балаларға арналған тәттілер салынған. Қайырымдылық себетін алғандардың бірі - Қазыбек Әлімжанов. Оның 8 баласы бар. Бұл үлкен тосынсый болғанын айтады. Қазыбек ӘЛІМЖАНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Өзімнен, отбасыларым үшін, балапандарым үшін, Сіздерге мың да бір рақмет айтам. Спонсорларға, көмек беріп жатқан жандарға, әкімшілікке көп рақмет. Бәріңізге Алла разы болсын. Баршаңызға рахмет айтам. Неожиданно получилось шынымды айтсам. Жұмыста болғам. Жаңа звандап жатыр. Таңқалдым. Ұйымдастырушылардың сөзінше игі іс алдағы уақытта да жалғасын табады. Осылайша, жыл сайын қайырымды жандар 50 мың отбасыға көмек көрсетеді. Еріктілер барлық азаматтарды "Игі іс марафонына" қосылуға шақырады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстан футзалдан Еуро-2026 іріктеу кезеңінде жеңіске жетті
Елде полиция күшейтілген режимге көшті: 14 желтоқсан 2024, 10:54 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионы атанды
Елімідегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Тоқаев Қазақстанның 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы Заңға қол қойды
Тоқаев 2024-2026 жылдарға арналған бюджетке түзету енгізді
Президент 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгеріс енгізетін заңға қол қойды
Щучинскте монша өртеніп кетті
Ресейде Путин мен Назарбаев кездесті
Ақтауда жүргізуші екі баланың өлімі үшін бас бостандығынан айырылды
Түркістанда креативті хаб ашылды
Елде полиция күшейтілген режимге көшті
Алматыда Бизнес хаб пен студенттік емханаашылды
Сырым Исабаев өнерден не себепті алыстап кеткенін айтты
«21 жерден пышақ салған»: Семейде жас жігітті азаптап өлтірген тұрғын сотталды
Жетісуда қар құрсауында қалған екі адам құтқарылды
Жетісу облысында екі адам қар құрсауынан құтқарылды
Доллардың бүгінгі бағамы қандай
“Тәуелді болғым келмеді“. Сырым Исабаева өнерден алыстау себебін түсіндірді
“Тәуелді болғым келмеді“. Сырым Исабаев өнерден алыстау себебін түсіндірді
Орманшы болу оңай жұмыс емес
Хореография Академиясында Вадим Рзаевтың шеберлік сыныбы өтті
Тәуелсіздік – басты құндылық